Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматыда бояу өнімдерін шығаратын жаңа зауыттың ір...

Алматыда бояу өнімдерін шығаратын жаңа зауыттың іргетасы қаланды

Экономика 28.05.2025, 16:38 608
Алматыда бояу өнімдерін шығаратын жаңа зауыттың іргетасы қаланды
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Алматы қаласының Индустриалды аймағында автомобиль және арнайы техникаға арналған лак-бояу өнімдерін шығаратын жаңа зауыт құрылысы басталды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

11,1 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған жобаның іске қосылуы 2026 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. Зауыттың қуаттылығы жылына 6 091 тоннаны құрап, Қазақстандағы лак-бояу өнімдеріне деген ішкі сұраныстың 11%-ын өтей алады.

Кәсіпорында автокөліктер, автобустар, жүк көліктері, ауыл шаруашылығы және құрылыс техникаларына арналған бояулар, жол белгілеріне арналған материалдар, сондай-ақ жалпы өндірістік және қорғаныш жабындары өндірілмек.

Жоба аясында 84 жаңа жұмыс орны ашылып, лак-бояу технологиясы мен колористика саласында 6 жаңа мамандық енгізіледі. Өндірістік процестер Қытай және Нидерланды серіктестерімен бірлесіп іске асырылмақ.

ТОО бас директоры Төреәлі Құрмановтың айтуынша, бұл – Орталық Азиядағы алғашқы автомобильге арналған лак-бояу зауыты болмақ. Жобаның 80%-ы бұрын Қазақстанда өндірілмеген өнімдерден тұрады. Нарыққа алғаш рет Made in Kazakhstan таңбасымен бояу шығарылады. Негізгі тұтынушылар ретінде автомобиль, мұнай-газ және тау-кен салаларындағы кәсіпорындар көзделуде. Astana Motors-тың екі зауытымен офтейк-келісімшарт жасалған.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров: «Автомобиль өндірісі жылына орта есеппен 20% өсіп келеді. Соңғы бес жылда бұл сала қаланың өнеркәсіп құрылымының 30%-ын құрады. Лак-бояу зауыты жоғары қосылған құны бар өндірісті дамытып, экономиканың әртараптануына серпін береді», – деді.

Айта кетейік, 2025 жылы Алматы индустриалды аймағында жалпы құны 135,4 млрд теңгеге 11 жоба іске қосылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #зауыт #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін 20:24

Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді

Бүгін 18:34

Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін 18:31

Саясатта 17%, ғылымда 51%, кәсіпкерлікте 48%: Қазақстандағы әйелдер үлесі қанша?

Бүгін 18:17

Мәжіліс төрағасы әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі