AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда биыл үшінші жүрек трансплантациясы сәтті...

Алматыда биыл үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды

Барлығы 30.10.2025, 11:03 566 Дина
Алматыда биыл үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды
сурет: автордан

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевтің жетекшілігімен анестезиологтар мен кардиохирургтар тобы биыл үшінші жүрек трансплантациясын жасады. 

Донорлық жүректі алғашқы рет трансплантациялау клиникада 2023 жылы жүргізілген болатын. Бүгінгі күні барлығы 4 трансплантация жасалды.

Донор – Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына түскен 63 жастағы әйел адам, дәрігерлер ми өлімін тіркеген.
Жүрек 36 жастағы алматылық ер адамға салынды. Ол дилатациялық кардиомиопатия, сол жақ қарынша қуысында тромб, шығарылу фракциясы өте төмен (24%) созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан. Емдеу нәтиже бермеген соң, оған кардиовертер-дефибриллятор имплантацияланған және жүрек трансплантациясына үміткерлер тізіміне енгізілген.

«Өкінішке қарай, соңғы кезеңдегі созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастар саны жылдан жылға артып келеді. Алайда донорлық органдардың тапшылығына байланысты жүрекке мұқтаж барлық науқастарға трансплантация жасау мүмкін болмай отыр. Біздің пациентке ұзақ күтудің қажеті болмады – сәйкес донор табылды. Осы күрделі үдерісті ұйымдастыру және үйлестіру ісінде үлкен қолдау көрсеткен Республикалық трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығына және оның басшысы Айдар Кенжетайұлына алғысымыз шексіз. Соңғы жылдары Орталық елімізде трансплантология қызметін дамыту бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. Сондай-ақ қаладағы медициналық ұйымдардағы әріптестерімізге көмегі үшін, ал донор отбасының парасатты шешімі мен өмірлерді құтқарғаны үшін ризашылығымызды білдіреміз», – деді клиниканың бірінші басшысы Рүстем Төлеутаев.

Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мақсат Жақаевтың айтуынша, жүрек трансплантациясы – жүрек қызметі жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы ең тиімді емдеу әдісі. Бұл операция басқа емдеу тәсілдері нәтиже бермей, науқастың жағдайы аса ауыр болған кезде жасалады. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты, оң динамика байқалуда. Ол реанимация бөлімшесінен профильді бөлімшеге ауыстырылды. Енді оған толыққанды өмір сүре алады.
Донор туыстарының келісімінің арқасында дәрігерлер 6 адамның өмірін сақтап қалды. Жүректен бөлек, бірнеше маңызды мүшелер - бауыр, оң және сол бүйрек, екі көздің қабығы (роговица) трансплантацияланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кардиохирург кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);