Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда биыл қызылшамен ауырған 482 адам тіркелді

Алматыда биыл қызылшамен ауырған 482 адам тіркелді

Барлығы 17.02.2026, 11:35 159
Алматыда биыл қызылшамен ауырған 482 адам тіркелді
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыдағы қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі екпе алмаған балалар болып отыр.

Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қазіргі эпидемиологиялық ахуал мен аурудың алдын алу барысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осылай деді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, аурудың өсімі былтырғы қарашада басталып, сол кезде 30 адам тіркеліпті. Желтоқсанда олардың саны 142-ге дейін жетті. Жылдың басынан бері өсім жалғасып, қазір қызылшамен ауырған 482 адам тіркелген.

«Науқастардың басым көпшілігі қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар. Бұл инфекцияның таралып, ауру ошақтарының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сондықтан екпе алуды елемеуге болмайды», — дейді Әсел Қалықова.

Ауруы расталғандардың 451-і 14 жасқа дейінгі балалар болып шықты, бұл 93,5% деген сөз. Жасөспірімдер — 0,4%, ересектер — 6,01%. 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттану көрсеткіші 19,8-ге жетті. Ең көбі Алатау ауданында — 197, Наурызбай ауданында — 110, Бостандық ауданында — 45, Әуезов ауданында — 39, Алмалы ауданында — 32, Түрксіб ауданында — 24, Жетісу ауданында — 20 және Медеу ауданында — 15 науқас тіркелген.

«Науқастардың 87,9%-ы қызылшаға қарсы егілмеген. Негізгі себебі — вакцинациядан бас тарту, медициналық қарсы көрсетілімдер мен екпе жасына жетпеуі. Бұл халықтың ауруға ең бейім тобы», — деді спикер.

Екпе алғандар арасында да қызылшамен ауырған 34 адам тіркелген, оның ішінде 33 адам вакцинацияның толық курсын алмаған, біреуі ғана толық егіліпті. Науқастардың ең үлкен үлесі 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар мен бір жасқа толмаған сәбилер. Контингент бойынша ауру көбінесе ұйымдастырылмаған балалар арасында — 72,1%, одан кейін ұйымдастырылған балалар, мектеп оқушылары, әскери қызметшілер, жұмыссыз ересектер мен студенттер арасында анықталған.

Инфекция ошақтарының барлығында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. 4154 байланыста болған адам анықталып, олар инкубациялық кезең ішінде медициналық бақылауға алынды. Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша қызылша, қызамық пен паротитке қарсы байланыста болған 706 адамға вакцина салынды. Балабақшалар мен мектептерде сүзгілік бақылау енгізіліп, кабинетте оқыту жағы уақытша тоқтатылды, жаппай іс-шаралар шектеліп, екпе алмаған байланыста болған балалар оқшауланды.

«Вакцинация қызылша мен оның асқындырып алудан қорғанудың жалғыз тиімді жолы болып қала береді. Вакцинаның әр дозасы баланың иммунитетін күшейтіп, аурудың ауыр өту қаупін төмендетеді. Біз ата-аналарды екпеге жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», — деді Әсел Қалықова.

Алматыда бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған 18 жасқа дейінгі балаларды қамтитын қосымша иммундау жалғасып жатыр. Сондай-ақ 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға қосымша вакцинация жүргізіле бастады. Былтырғы желтоқсаннан биылғы ақпанға дейін 1720 сәби қамтылып, бұл жоспарланғандардың 16,1%-ын құрады. Жыл басынан бері қызылшаға қарсы 4200 бала мен жасөспірім екпе алды. Жоспарлы вакцинация екі рет — 1 жаста және 6 жаста тұрғылықты жердегі емханаларда жүргізіледі.

Мамандар екпе күнтізбесін сақтау тұрақты поствакциналық иммунитет қалыптастырып, инфекцияның тарамауына сеп болатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қызылша #Науқастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика