ffin.kz

Алматыда биыл мүгедектігі бар 500-ден аса азамат жұмыспен қамтылған

Алматыда биыл мүгедектігі бар 500-ден аса азамат жұмыспен қамтылған сурет: Almaty.tv

Жалақының 80 пайызын жұмыс беруші емес әкімдік төлейді


Алматыда биыл мүгедектігі бар 500-ден аса азамат жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Қала әкімдігі мүгедектігі бар жандарды қоғамдық жұмысқа араластыру үшін жұмыс берушілерге қазынадан 80 пайыздық субсидия бөліпті. Бұл кәсіпкер үшін де, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін де тиімді.
Аман Оралбайұлы қазір аудиокітаптарды монтаждап, редакциялаумен айналысып жүр. Мүгедектігі бар балалар мен ересектерге телефон, компьютер қолдануды үйретеді, яғни тифломаман. Қазір еңбек етіп жатқан қоғамдық бірлестікке «Жұмыспен қамту» орталығы арқылы қаңтарда орналасыпты.



«Құдайға шүкір, қазір жұмыс табылғаны. Өзіміздің мамандығымыз бойынша жұмыс істеп жатырмыз ғой. Осы жер ұнайды, қоғамдық ұйым. Ұжыммен араласып, уақытымыз өте көңілді өтіп жатыр.  Жұмыс ыңғайлы», – деді тифлопедагог Аман Оралбайұлы.



Кішкентайынан көзі көрмесе де қоғамның дамуына, өзі сияқты ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмірін жеңілдетуге осылай үлесін қосып келеді. Салада 10 жылға жуық тәріжибесі бар. Мұнда өзі сияқты жұмыс істейтін 25 адам бар. Оның басым бөлігі мемлекет бөлген субсидия арқылы жұмыспен қамтылған.



«Субсидияның арқасында біраз адамды жұмысқа алып отырмыз. Біздің ұйымның мақсаты пайда табу емес, керісінше осы мүгедектігі бар жандарды қоғамдық жұмысқа тарту, әлеуметпен араластыру. Сондықтан мұндай субсидия бізге жақсы пайдасын тигізіп жатыр», – деді  «Жан» мүгедектер құқығын қорғау қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Ильяс Фаткулин.



Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша елімізде жергілікті бюджеттен мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту үшін 50 пайыз субсидия бөлінуі міндеттеледі. Ал Алматы әкімдігі қаржы көлемін 80 пайызға жеткізген. Соның есебінен биыл 500-ден аса азамат жұмысқа тұрыпты. Яғни жалақының 80 пайызын жұмыс беруші емес әкімдік төлейді.



«Әкімшілік тарапынан 2021 жылдың қарашасында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту үшін квота бекітілген. 2-4 пайыз аралығында ірі және орта кәсіпорындар мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту қажет», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.



Ал міндеттемелерді орындамаған жеке не мемлекеттік ұйымдарға айыппұл немесе әкімшілік кодекске сәйкес шаралар қолданылады. Бүгінде қалада мүгедектігі бар 55 мың адам болса, соның 19 мыңы жұмысқа жарамды. 19 мың адамның 25 пайызы жұмыспен қамтылған. Олар – әлеуметтік қызметкер, жаттықтырушы, заңгер мен экономист, мұғалім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51