AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда биыл әкімдік 2600-ден астам азаматты басп...

Алматыда биыл әкімдік 2600-ден астам азаматты баспанамен қамтамасыз етті

Әлеумет 09.09.2022, 08:33 1,206
Алматыда биыл әкімдік 2600-ден астам азаматты баспанамен қамтамасыз етті
almaty-akshamy.kz

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Данияр Қырықбаев 2022 жылғы 14 шілдеде Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы болып өзгертілгенін еске салды.
 
Данияр Қырықбаевтың хабарлауынша, бүгінде Алматы қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 37 236 азамат тұр, оның ішінде: көп балалылар – 4905; жетімдер – 2210; халықтың әлеуметтік осал топтары – 16 999; бюджет қызметкерлері – 13 122.



«7 айдың қорытындысы бойынша, 2623 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін 5532 пәтер беру жоспарланып отыр, оның ішінде: 1451 – сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй және 4081 – несиелік тұрғын үй. Атап өтсем, жыл басынан бері 325 тұрғын үй сертификаты берілді», - деді Д.Қырықбаев.



Тұрғын үй бөлу туралы айта келе, ӨКҚ спикері қаланы абаттандыру мәселесіне тоқталды. Айта кетерлігі, қаладағы қызмет көрсетілетін жолдардың жалпы ауданы 25 млн м²-ден асады. Алматының 2 318 көшесінде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Қалада бұл жөндеу жұмыстарын 14 мердігер ұйым жүргізеді.


Күн сайын қала көшелерінен 1413 жол жұмысшысы мен 1087 бірлік арнайы техниканың күшімен 90 тоннадан астам қоқыс шығарылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұрғынүй #Қырықбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);