Алматыда биыл 400 ден астам адам инновациялық оңалту құралдарымен қамтылады

Алматыда биыл 400 ден астам адам инновациялық оңалту құралдарымен қамтылады Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ағымдағы жылы Алматыда өтініш берушілердің 95% -ын оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қала басшысы Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен Алматының инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңесінің I-ші отырысында хабарлады. 



«Биылғы жылы біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша келіп түскен барлық өтініштердің 95% -ын қамтуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатқа биыл 1,3 млрд теңге бөлінді, нәтижесінде оңалтудың инновациялық техникалық құралдарымен кемінде 400 адам қамтамасыз етіледі», – деді Әсем Нүсіпова.




2023 жылы Алматы әкімдігі ерекше қажеттіліктері бар 433 адамды 1 390 млн. теңге сомасына инновациялық техникалық құралдармен қамтамасыз етті. Олардың ішінде: 150 протез, 200 отыратын арба, 76 сөйлеу процессоры және 7 сүйек өткізгіштігі бар есту аппараты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:43

12:29

12:17

12:01

11:41

11:39

11:30

11:26

11:11

11:01

10:51

10:45

10:33

10:24

10:23

10:09

09:46

09:32

09:13

09:06

08:50

08:30

16:21

15:12

14:06