Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Алматыда биыл 31 мың жұмыс орны ашылды

Алматыда биыл 31 мың жұмыс орны ашылды

Нарық 14.06.2021, 14:16 3,060
Алматыда биыл 31 мың жұмыс орны ашылды
Сурет: Zagranitsa.com

Қала бойынша орташа айлық жалақы республикалық деңгейден 16,3%-ға жоғары болып тұр. 


Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн баспасөз-конференциясында ШОБ қолдау мен қала тұрғындарын жұмыспен қамту шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ілияс Өсеровтің мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 1 маусымына Алматыда 31 мың жұмыс орны ашылды. Бұл ретте қала бойынша орташа айлық жалақы республикалық деңгейден 16,3%-ға жоғары және жыл сайын өсуде.



Ағымдағы жылы ШОБ жеңілдікпен несиелендіру құралдары кеңейді, бұл қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуына оң әсерін тигізді. Несиені жеңілдік шарттармен қайта қаржыландыру, сондай-ақ несиелер бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігі берілді. Зардап шеккен салалар үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданды.



Қолдау бағдарламаларының арқасында шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс жасайтын субъектілерінің саны шамамен 1%-ға өсті.


2020 жылы 74 мыңнан астам кәсіпкер салықтық жеңілдіктерге ие болды. Зардап шеккен салалардың 3 мың қарыз алушыларының несиелері кейінге қалдырылды, 300-ден астам кәсіпкер коммуналдық меншік нысандарында жалдау ақыларын төлеуден босатылды. Арзан мөлшерлеме бойынша кәсіпкерлердің 1 мыңнан астам жобалары қаржыландырылды.



«Кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуі үшін біз нарыққа қатысушылар арасында өзара тиімді және ұзақ мерзімді экономикалық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін жағдай жасаймыз», - деп хабарлады Ілияс Өсеров.



Мәселен, Алматы банктері 3 трлн теңгеден астам несие берді. Оның ішінде 643,9 млрд теңгені шағын кәсіпкерлік үшін несиелер құрады. Жалпы, жыл басынан бері шағын бизнесті несиелеу 2,6 есе өсті.



«Жоғары табысты жұмыс орындарын құру үшін біз экономикада құрылымдық маневр жасауға кірістік. Бұл құрылымдық маневр басым салаларды дамыту көрініс тапқан Алматы-2050 Стратегиясында қарастырылған. Туризм, цифрландыру, креативті экономика салалары дамудың басты салалары болып белгіленді», - деп атап өтті Ілияс Өсеров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #стихи #слова назидания #онлайн-конференция #Алматы #жұмыс #работа #Занятость
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қабырғаға ұрып, үстіне секірген: Алматыда мысықты қорлаған жасөспірімнің видеосы тарады

Бүгін 14:45

Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды

Бүгін 14:27

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бірдей сында жартылай финалға шықты

Бүгін 14:16

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика