AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үз...

Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Алматы 11.06.2026, 19:29 580
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматы әкімдігі

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов бірқатар білім және мәдениет саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мәдениет саласындағы елеулі еңбегі және Қазақстан Республикасы алдындағы айрықша қызметі үшін «Парасат» орденімен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «МузАрт» тобының әншісі, продюсер және тележүргізуші Сәкен Қордабайұлы Майғазиев марапатталды.

Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «Құрмет» орденімен Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері, Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет» грамотасының және Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Атығай Бүркітбаевич Бижанов марапатталды.

Ел игілігі жолындағы елеулі еңбегі, кәсіби қызметіндегі жоғары жетістіктері және Қазақстан Республикасының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» ордені «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымындағы Қазақстан Республикасының өкілі Нышанкүл Қансейітқызы Қаратаеваға табысталды.

Сондай-ақ қазақ өнерінің дамуына қосқан сүбелі үлесі, шығармашылық қызметіндегі жоғары жетістіктері және мәдениет саласын дамытудағы еңбегі үшін Кенжебек Тұрсынбайұлы Жанәбілов «Құрмет» орденімен наградталды.

Рәсім барысында Абзал Нүкенұлы марапат иелерін жоғары наградаларымен құттықтап, олардың кәсіби қызметі мен ел дамуына қосқан үлесі мемлекет тарапынан әрдайым жоғары бағаланатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#награда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Бүгін 18:15

Күзде қандай көкөніс пен жеміс жеген дұрыс?

Бүгін 15:10

Риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

Бүгін 14:10

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін 12:32

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді

Бүгін 12:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);