AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Birlik» ансамблінің гала-концерті өтті

Алматыда «Birlik» ансамблінің гала-концерті өтті

Мәдени Алматы 31.01.2025, 08:18 854
Алматыда «Birlik» ансамблінің гала-концерті өтті
Сурет: Gov.kz

Almaty Theatre сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Birlik» ансамблінің концерті өтті.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған гала-концерт Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясындағы 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, концерттік бағдарламада Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Татарстанның танымал хореографтарының қойылымдары ұсынылды.

Концертті Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ мәдениет, өнер және қоғам қайраткерлері тамашалады.Іс-шараға Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Достлуқ» ұйғыр халық аспаптар ансамблі, «Рухсара» би ұжымы, «Нава» ансамблі және «Бахар» кавказ би ансамблі қатысты.

Белгілі өнер шеберлері мен жас орындаушылар жаппай және жеке хореографиялық композициялар, аспаптық және вокалдық нөмірлерді орындады. Олардың қатарында «Күй шашу» биі, халық әндерінен попурри, ұйғыр, корей, татар билері және басқа да қойылымдар болды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан шығармашылық ұжымға ықылас гүлі тарту етілді.

Айта кетейік, «Birlik» ансамблі 2024 жылдың 1 наурызында құрылды. Бұл – Қазақстан мен ТМД-дағы алғашқы көпұлтты ән мен би ансамблі. Ұжымның бірегей репертуары қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #«Birlik» ансамблі #қха #30 жылдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Кеше 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Кеше 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика