AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда бір тоннадан астам мерзімі өткен дәрі-дәр...

Алматыда бір тоннадан астам мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналды

Алматы Бүгін 13:56 39 yakiya
Алматыда бір тоннадан астам мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналды
Алматы әкімдігі

Алматыда «Дәрі-дәрмектерді қауіпсіз кәдеге жарату» экологиялық жобасының аралық қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Satbayev University аумағында орналасқан ECO Network қорының «Эко-Хаб» алаңында баспасөз мәслихаты өтті.

Жобаны STADA Kazakhstan компаниясы, Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы мен Acler Group компаниясы Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және «Eco Almaty» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен жүзеге асырып келеді.

Жоба 2025 жылы маусым айында басталды. Оның негізгі мақсаты – тұрғындардан мерзімі өткен және пайдаланылмаған дәрі-дәрмектерді қауіпсіз жинап, оларды тұрмыстық қоқысқа, топыраққа немесе су айдындарына тастауға жол бермеу. Өйткені, мұндай қалдықтар қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Бүгінде Алматыдағы 38 қалалық емханада дәрі-дәрмек қабылдауға арналған арнайы экобокстар орнатылған. Жоба жүзеге асқан алғашқы жылдың өзінде бір тоннадан астам мерзімі өткен дәрі жиналды. Әр қаптаманың салмағы аз болғанымен, жалпы көлемі қоршаған ортаға түспеген қауіпті қалдықтардың едәуір мөлшерін алады.

STADA Kazakhstan компаниясының бас директоры Наталья Гарипова бір жыл бұрын тұрғындардың бұл бастамаға қаншалықты қызығушылық танытатыны белгісіз болғанын айтты.

«Бір жыл бұрын тұрғындар мерзімі өткен дәрілерді арнайы тапсыруға дайын бола ма деген сұрақ туындаған еді. Бүгінде халықтың жобаны белсенді қолдағанына көз жеткіздік. Бір жылдың ішінде бір тоннадан астам қауіпті қалдық жиналды. Бұл экологиялық қауіпсіздік пен халық денсаулығын қорғау жолындағы маңызды қадам. Біздің мақсатымыз – дәрі-дәрмектерді қоршаған ортаға зиян келтірмейтін жолмен кәдеге жарату», – деді Наталья Гарипова.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркін Нұрлыханов бұл жобаның қала үшін маңызы зор екеніне тоқталды.

«Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ретінде бұл жобаны үлкен жетістік деп бағалаймыз. Әсіресе, бастаманың фармацевтика саласы өкілдерінен шығуы маңызды. Олар мәселенің ауқымын жақсы түсінеді. Сондықтан біз бұл жобаны толық қолдаймыз», – деді ол.

ECO Network және «Эко-Хаб» жобаларының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджановтың айтуынша, жоба бір жыл ішінде алматылықтар арасында жоғары сұранысқа ие болғанын көрсетті.

«Жобаны бастағанда адамдарға мерзімі өткен дәрілерден қауіпсіз әрі қарапайым жолмен құтылудың мүмкіндігін көрсету басты мақсат болды. Бүгінде нәтижесі анық көрініп тұр: бір тоннадан астам дәрі қауіпсіз түрде жойылуға жіберілді. Бұл қала экологиясына ғана емес, тұрғындардың денсаулығына қосылған үлес», – деді Евгений Мұхамеджанов.

Емхана өкілдерінің айтуынша, тұрғындар арнайы экобокстарды бұрынғыдан жиі пайдалана бастаған. Мәселен, №4 қалалық емхананың өзінде жоба аясында шамамен 70 келі мерзімі өткен дәрі жиналған. Дәрігерлердің айтуынша, бұған дейін көптеген тұрғын қажетсіз дәрілерді қайда өткізуге болатынын білмеген.

Жиналған дәрі-дәрмектер арнайы технология бойынша кәдеге жаратылады. Acler Group компаниясының өкілі Малика Мұқанованың айтуынша, олар арнайы инсинераторларда 1200 градусқа дейінгі температурада термиялық өңдеу арқылы жойылады. Өңдеуден кейін қалған қауіпсіз қалдықтар арнайы полигондарға жеткізіледі.

Кездесуге қатысушылар бұл жоба бизнестің, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың экологиялық мәселені бірлесіп шешудегі тиімді серіктестігінің жарқын үлгісі екенін жеткізді.

Ұйымдастырушылар дәрілік препараттардың қауіпті қалдықтар санатына жататынын еске салды. Сондықтан оларды тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға немесе кәріз жүйесіне ағызуға болмайды. Алматыдағы қалалық емханаларда орнатылған арнайы экобокстар тұрғындардан мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдауды жалғастырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрі-дәрмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Əділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды

Бүгін 14:00

Өнердегі өткір ой: Батыс Еуропада белгілі карикатурашы Ғалым Смағұлұлының көрмесі ашылды

Бүгін 11:29

Алматыда «Медеу» бөгетінің баспалдағына жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді

Бүгін 10:59

Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

Бүгін 09:05

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Кеше 22:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);