AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 23...

Алматыда бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 23 есірткі зертханасы таратылды

Әлеумет 13.01.2025, 12:56 942
Алматыда бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 23 есірткі зертханасы таратылды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылы Алматыда есірткінің заңсыз айналымына байланысты 716 бұзушылық анықталды, оның ішінде — 1 тоннадан астам тыйым салынған заттар тәркіленіп, 23 есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл деректер Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды.

Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы Іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дәурен Көбеевтің ақпаратына сәйкес, интернет арқылы контакт жасамай-ақ, таратылатын синтетикалық есірткілер аса қауіп төндіреді. Бір жыл ішінде «есірткі қойып кетуші» деп аталатын 105 адам ұсталды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

«Тамыз айында аса ірі операция жүргізілді: психотроптық заттарды жасырын өндірудің үш ұйымдастырушысы ұсталды, 20,6 кг — нан астам « мефедрон» және 750 кг прекурсорлар, сондай-ақ 800-ге жуық алдын ала оралған есірткі байламы тәркіленді», - деді Д.Көбеев.

Нашақорлыққа қарсы күрес аясында 2024 жылы есірткі сатушылармен байланысқан 12 200 граффити боялып, бұғаттау үшін «Кибернадзорға» жіберілген 623 интернет-сайт анықталды.

Өткен жылы қалада халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 715 профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде акциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

«Біз жедел-іздестіру іс — шараларына ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары үшін қауіпсіз ақпараттық орта құра отырып, белсенді профилактикалық жұмыстарға да назар аударамыз», - деп атап өтті ПДБ өкілі.

42 метро мониторлары мен 129 LED экрандарында танымал спортшылардың қатысуымен әлеуметтік бейнелер көрсетіледі, сонымен қатар барлық тұрғындар үшін қолжетімді анонимді сенім телефоны (WhatsApp 8-705-549-70-25) туралы ақпарат орналастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #есірткі #зертхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Бүгін 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Бүгін 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика