Өткен тәулікте қалада жол жүрісі қағидаларының 2 266 бұзушылығы анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында Жол жүрісі қағидаларының 2 266 бұзушылығы анықталды, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 180 өрескел бұзушылық тіркелді.
Алматы қаласының прокуратурасының мәлімдеуінше, анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
көлік құралын масаң күйде басқару – 12 дерек;
жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен (МТНБ) көлік құралын басқару – 2 дерек;
маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 73 дерек;
қауіпсіздік белдігін тақпау – 50 дерек;
қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу – 10 дерек;
көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 29 дерек.
Сонымен қатар, 33 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.