Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 259 өрескел құқық бұзушылық анықталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында жол жүрісі қағидаларын бұзудың 2 240 фактісі анықталды.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
* көлік құралын масаң күйде басқару – 11 факт;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқаруы – 2 факт;
* маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 103 факт;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 93 факт;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 8 факт;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 42 факт.
Сонымен қатар, 37 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.