Алматыда бір жыл ішінде 2,6 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді

Алматыда бір жыл ішінде 2,6 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді Сурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылы Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 2 618 540 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде, 602 000 қызметті азаматтар өз бетінше, оператордың қатысуынсыз, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алды. Бұл туралы Алматы филиалының өкілі өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде филиал директорының халықпен жұмыс жөніндегі орынбасары Айнаш Аубакирова тұрғындар арасында сұранысқа ие қызметтерді де атап өтті. Олар:
 -  Көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу;
 - Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) беру және кері қайтару;
 - Жүргізуші куәлігін алу;
 - Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтері;
 - Қазақстанға уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру және түзету.
Қалада барлығы 13 ХҚКО жұмыс істейді, оның ішінде автомобильдерді қайта тіркеумен және жүргізуші куәліктерін берумен айналысатын 4 мамандандырылған бөлім және ҚР аумағында шетелдіктерге жұмыс істеуге және болуға рұқсат беру бойынша құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын көші-қон орталығы бар.

«Мемлекеттік корпорация құрылған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету саласында көптеген реформаларды бастады. Жаңғырту аясында Медеу, Алмалы, Әуезов және № 2 мамандандырылған бөлімі сияқты төрт халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) жаңартылды. Бұл жаңартылған фронт-офистер қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы жаңа көзқарасты көрсететін «Халықтың цифрлік кеңселері» деп аталды», - деп бөлісті спикер.

Жаңғырту барысында кайдзен қағидаттарына негізделген бірнеше негізгі өзгерістер енгізілді:
- Қызмет көрсету уақыты бойынша аймақтарды бөлу және түсі бойынша бөлу 
- Қағазсыз қызмет көрсетуге көшу-қағаз түбіртектер мен үзінді көшірмелерден бас тарту
 - Өзіне-өзі қызмет көрсету форматын енгізу-смартфондар арқылы қызметтерді алу және құжаттау үшін терминалдарды пайдалану мүмкіндігі 
- Клиенттерге ыңғайлы жағдай жасау-кеңсе ішінде ыңғайлы навигация, эргономикалық интерьер және жұмсақ жиһазбен күту аймағы.

Жаңашылдықтардың бірі – құжаттарды өздігінен рәсімдеуге арналған терминалдар. Бұл терминалдар арқылы азаматтар жеке куәлік пен паспортты оператордың көмегінсіз небәрі 5 минут ішінде рәсімдей алады. 2024 жылы 12 753 азамат осы қызметті пайдаланды. Сонымен қатар, үш ХҚО-да тәулік бойы жұмыс істейтін постаматтар іске қосылып, 1000-нан астам құжат берілді.

Цифрландыру аясында қағаз түріндегі құжат айналымы алынып, халыққа қызмет көрсету орталығы операторының жеке қызмет көрсету және үйге бару үшін «Жеке менеджер» қызметі іске қосылды. Қызмет іске қосылғаннан бері Халыққа қызмет көрсету орталығында 11 396 келісім-шарт жасалған.
Сондай-ақ, "ХҚКО"мобильді қосымшасы белсенді дамып келеді. Енді Азаматтарға бейнеқоңырау шалу, ХҚКО кезегін брондау, жүргізу бойынша практикалық емтиханға жазылу және неке қиюды тіркеуге өтінім беру мемлекеттік қызметтері қолжетімді.

Филиал Мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы болу үшін Алматы қаласы бойынша желіні белсенді түрде кеңейтуде:

- Қаланың 5 автосалонында Hyundai Premium, ASTER AUTO, Mycar Raiymbek, MyCar Kuljinka, Allur Auto Көлік құралдарын тіркеуге құжаттарды қабылдау ұйымдастырылды.
- "BI Group" ЖШС шарттарын тіркеу үшін беру жұмыс орны ұйымдастырылды (Тимирязев көшесі, 28а). Бүгінге дейін 829 қызмет көрсетілді.
- Банктік қосымшалар арқылы рәсімделген жүргізуші куәліктері мен көлік бойынша дайын құжаттарды беру секторы ашылды (Жандосов көшесі, 51).
- Заңды тұлғаларға кеңес беру үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды (Абылай хан көшесі, 79). Бүгінге дейін 1141 кеңес берілді.
- 13 бөлімнің ғимараттары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдаймен жабдықталған (пандустар, шақыру түймелері, жуынатын бөлмелер, Брайль тақталары). 2024 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 1965 Көшпелі қызмет көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:51

17:45

17:40

17:34

17:22

17:17

17:17

17:02

16:56

16:53

16:43

16:36

16:23

16:17

16:07

16:03

15:52

15:42

15:34

15:16

14:57

14:42

14:24

14:04

12:53