AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда билеті жоқ ер адам пойыз төбесіне шығып а...

Алматыда билеті жоқ ер адам пойыз төбесіне шығып алып, үйіне жетпек болған

Оқиға 05.08.2022, 07:34 1,064
Алматыда билеті жоқ ер адам пойыз төбесіне шығып алып, үйіне жетпек болған
Сурет: Astana-akshamy.kz

Билет алуға ақша таппаған адам енді бұл әрекеті үшін айыппұл төлейді.


Алматыда билетсіз ер адам діттеген жеріне пойыз вагонының шатырында жатып жетіп алмақ болған.


Видео әлеуметтік желіде тарады. Онда орнынан қозғалып бара жатқан пойыз вагонының бірінің үстінде ер адам жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 шілде күні сағат 22:45-те болған.


«Алматы-1» станциясындағы кезекші бөлімшеге «Алматы-2» станциясынан «Алматы-Орал» пойызының машинисінен вагонның төбесіне шығып, жатып алған ер адамның кесірінен пойыз шұғыл тоқтатылғаны туралы хабарлама түсті.



«Пойыз тоқтағаннан кейін көлік полицейлері құқық бұзушыны акт бойынша вагонның төбесінен түсірді. Тексеру барысында оның Батыс Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны екені анықталды. Жауап алу барысында ер адам билет алуға ақшасы жоғын айтып, пойыздың төбесінде үйіне жетуді ұйғарған», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.



Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пойыздың төбесіне шыққан #оқиға #билетсіз жолаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика