AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматыда бес ірі зауыт салынады

Алматыда бес ірі зауыт салынады

Экономика 06.11.2021, 04:52 1,422 Almaty-akshamy
Алматыда бес ірі зауыт салынады
Cурет: plusworld.ru

Келесі жылы биофармацевтикалық кешен салынады


Алматыда жалпы инвестиция көлемі 15,4 млрд теңгені құрайтын бес ірі өндіріс орны салынуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz LS-ке сілтеме жасап.


Қала әкімдігінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары осы жылы басталған. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында фармацевтикалық жоба 11,1 млрд теңгеге жүзеге асырылады. Мұнда келесі жылы заманауи дәрілік препараттарды әзірлеу және шығару бойынша биофармацевтикалық кешенді іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпорында 231 адам жұмыспен қамтылмақ.


Сондай-ақ, мегаполисте 1,5 млрд теңгеге арматуралайтын тор, кварц агломераттары мен профильді құбырлар шығаратын зауыт салынуда.



«Әкімшілік ғимараттың екінші қабатын қалау жұмыстары жүргізілуде. Жер учаскесін жоспарлау бойынша жұмыстар аяқталды. Инженерлік желілерді салу басталды», - деді әкімдікте.



Кәсіпорын 2024 жылы іске қосылып. Жаңа 100 жұмыс орны құрылады.
Үшінші ірі жоба – газдалған бетон блоктарын шығаратын зауыт салу. Инвестициялар – 1,24 млрд теңге.  Ақпаратқа сәйкес, металл конструкциялар мен сэндвич-панельдерді монтаждау аяқталды. Қазіргі уақытта инженерлік желілер қосылып, технологиялық жабдықтарды монтаждау жүргізілуде. Кәсіпорын 2022 жылы ашылып, 30 адам жұмысқа орналасады.


Сондай-ақ, мегаполисте келесі жылы 800 млн теңгеге төмен вольтты жүйенің электр техникалық жабдықтарын шығаратын зауыт салынып, іске қосылады. Нысанда 50 адам жұмыспен қамтылады.


Бесінші ірі өндірістің ашылуы 2023 жылға жоспарланып отыр. Қалада 800 млн теңгеге лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыт салынып жатыр. Атап айтқанда, бастапқы іргесін көтеру жұмыстары басталды. Жұмыспен 120 адам қамтамасыз етіледі.


Бұған дейін, LS редакциясы индустриялық аймақта түрік инвестициялары бар екі зауыт салына бастағанын жазған болатын. Осылайша, 2023 жылы 1,5 млрд теңгеге металл қоршаулар өндірісі іске қосылады. Кәсіпорында жылына 12 мың тонна жол қоршаулары мен 15 мың тонна ыстық мырыштау бұйымдары шығарылатын болады. Және 3,7 млрд теңгеге Panelsan сэндвич-панельдерін шығаратын зауыт іске қосылады. Нысанда жылына 1 млн шаршы метрге дейін өнім шығару жолға қойылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зауыт #Алматы #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);