конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқ...

Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Мәдениет Бүгін 15:49 47 Дина
Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Алматыда Almaty Theatre сахнасында қала әкімдігінің қолдауымен және Халықаралық айтыскерлер, жыршы-термешілер одағының бастамасымен дәстүрлі қазақ өнерін сақтау мен насихаттауға бағытталған «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Байқаудың ашылу рәсімінде Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын оқып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Кештің жүргізушісі әрі жоба авторы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Алтай көрермендерді байқаудың тұжырымдамасы мен бағдарламасымен таныстырды.

«БЕС АСЫЛ» жобасының басты ерекшелігі – дәстүрлі қазақ өнерінің бес бағытының бір сахнада тоғысуы. Байқау аясында айтыстың түрлі жанрлары (сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы, сондай-ақ «өтірік өлең» жанрындағы әзіл айтыстары), жыршылық пен термешілік өнері, дәстүрлі әншілік және күйшілік өнер кеңінен насихатталды.

Байқауда Алматы және Астананың командалары бақ сынады. Қатысушылар қатарында белгілі айтыскерлер, жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер мен күйшілер өнер көрсетті.

Қазылар алқасына Қазақстанның халық жазушысы, Халықаралық айтыскерлер, жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жетекшілік етті. Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласының командасы жеңімпаз атанып, келесі кезеңге жолдама алды.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар, дипломдар және естелік сыйлықтар табысталды.

«БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы – ғасырлар қойнауынан жеткен қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасын жаңғыртуға, мәңгілік рухани құндылықтарды дәріптеуге және ұлттық өнердің одан әрі дамуына серпін беруге бағытталған маңызды мәдени жоба.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 16:00

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Бүгін 15:52

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Бүгін 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

Кеше 21:17

Алматыдан Шанхайға дейін: Алматы музейі екі мегаполисті мәдениет арқылы тоғыстырды

Кеше 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);