Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда бәсекелестікті бұзған бірнеше заң бұзушыл...

Алматыда бәсекелестікті бұзған бірнеше заң бұзушылық анықталды

Барлығы 12.02.2026, 14:42 191
Алматыда бәсекелестікті бұзған бірнеше заң бұзушылық анықталды
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Алматыда монополияға қарсы орган бәсекелестікті бұзудың жолын кесу бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысын шығарды. Тергеу нәтижесінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың тоғыз дерегі бойынша негізгі ықпал ету шаралары қабылданды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Нұрланұлы осылай деді.

Оның айтуынша, департаменттің басым бағыты – адал бәсекелестікті дамыту, тұтынушылар мен кәсіпкерлердің белгісіз тобының құқығын қорғау, бизнес пен халық үшін негізсіз шығын әкелетін жайтқа жол бермеу.

«Біз нарықтағы жағдайға назар аударып, бәсекелестікке қысым жасалған жерлерде тергеу жүргіземіз. Міндетіміз – барлық қатысушылар үшін тең әрі ашық жағдай қалыптастыру. Бұл қаладағы бағаға, қызмет сапасы мен инвестициялық ахуалға тікелей әсер етеді», – дейді Нұржан Нұрланұлы.

Үлкен дүрбелең тудырған істің бірі – «Алматы электр станциялары» АҚ-ға қатысты көтерме электр энергиясын өткізу нарығындағы тергеу. Компания Алматы индустриялық аймағында аталған қызметті техникалық тұрғыда көрсету мүмкіндігі болмағанына қарамастан, электр энергиясын жеткізуші ұйымды еншілес компанияның желісі арқылы беріп, қосымша қызметпен бірге сатып алуды міндеттегені анықталды. Бұл аймақта жұмыс істейтін 118 кәсіпорынға, жалпы инвестиция көлемі 400 млрд теңгеден асатын резиденттерге қосымша жүктеме түсірген.

«Мұндай шарттар энергия қорына жұмсалатын шығынды азайтуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың тиімділігін іс жүзінде жоққа шығарды. Сот департамент қорытындыларын заңды деп танып, түпкілікті шешім қабылданған жағдайда жүзден астам кәсіпкердің құқығы қорғалатын болады», – деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ «FlyArystan» әуе компаниясына қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр. Департамент тасымалдаушының қол жүгінің артық салмағы үшін нақты артық мөлшеріне қарамастан бірдей ақы алғанын анықтаған.

«Нарықта нақты артық салмаққа қарай сараланған төлем тәжірибесі бар екенін көріп отырмыз. Бұл тәсілден бас тарту, біздің ойымызша, тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын шектейді. Сондықтан әуе компаниясына қатысты тергеу басталды», – деді Нұржан Нұрланұлы.

Тағы бір мысал – «INVIVO Business» ЖШС-не қатысты. Франчайзинг шарттарында келісімшарт бұзылғаннан кейін 24 ай бойы бәсекелестермен ынтымақтастық жасауға шектеу қою нормалары анықталған. Ескерту енгізілгеннен кейін компания тиісті тармақтарды алып тастады. Нәтижесінде еліміздің 16 қаласындағы зертханалық қызметтер нарығында жұмыс істейтін 143 субъектінің құқықтары қорғалды.

Жылумен жабдықтау саласында департамент «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нен де заңбұзушылық анықталды: жылу энергиясына қайта қосу кезінде тарифке 10% мөлшерінде пайда қосылған, қолданыстағы қағидалар тек нақты шығындарды өтеуді көздейді. Нәтижесінде Алматы тұрғындары үшін қызмет құны 10%-ға төмендетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Монополия #бәсеке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика