AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Бақыт Әшімованың 85 жылдығына орай «Қыз Ж...

Алматыда Бақыт Әшімованың 85 жылдығына орай «Қыз Жібек» операсы қойылды

Мәдениет 13.01.2023, 03:36 1,822 Almaty-akshamy
Алматыда Бақыт Әшімованың 85 жылдығына орай «Қыз Жібек» операсы қойылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Марқұм әртіс өзі дәл осы операда Дүрияны, Қамқаны орындаған.


Алматыда 12 қаңтарда Қазақ КСР халық әртісі Бақыт Әшімованың туғанына 85 жыл толуына орай Евгений Брусиловскийдің төрт актілі "Қыз Жібек" операсы қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бақыт Əшімова Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында көп жыл еңбек етіп, операларда меццо-сопранолық рөлдерді нәзік лирикалық иірімдермен байытты, ал зейнеткерлікке шыққаннан кейін театрдың опера труппасының педагог-репетиторы болып қызмет атқарған. 


Бүгін өзі қызмет еткен ұжым сахнасында оның құрметіне орай "Қыз Жібек" операсы қойылды. Марқұм әртіс өзі дәл осы операда Дүрияны, Қамқаны орындаған. Зал лық толды. Билеттер түгел сатылған.


Сонымен бірге Қарлығаш, Люба (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абайы" мен "Төлеген Тоқтаровында"), Аналық (М. Төлебаевтың "Біржан-Сарасында"), Тоғызақ (Н. Жигановтың "Алтыншашында"), Ларина (П. Чайковскийдің "Евгений Онегинінде"), Сузуки (Дж. Пуччинидің "Чио-чио-санында"), Шəмсия (З. Исмагиловтың "Құдашасында") рөлдері Əшімова сомдауында мүлде жаңа қырынан ашылды.



Ол Нұрсұлу, Ана (С. Мұхамеджановтың "Айсұлуы" мен "Жұмбақ қызында"), Балым (Е. Рахмадиевтің "Қамар сұлуында"), Алқа (Ғ. Жұбанованың "Құрманғазысында") партияларын сахнада тұңғыш рет орындады. Əшімова өнерінің екінші қыры — камералық əншілігі. Ол Н. Тілендиевтің "Куə бол", "Махаббат мұңы", "Күндер-ай", "Жүрегім менің", "Саржайлау", "Сөнбейді, əже, шырағың" жəне Рахмадиевтің "Бала ғашық", "Сағындым еркем", "Күзде" əндерін алғаш рет орындап, қалың жұртшылықтың ықыласына бөленді.


Бақыт Əшімованың шəкірттері Қазақстан қалаларында ғана емес, шет елдерде де жемісті еңбек етіп, өнер көрсетіп жүр. Оның көпшілікті сүйсіндірген əсем дауысы, табиғи шеберлігі классикалық жəне халықтық музыканы сүйетін көрермендерінің жүрегінде мəңгі қалады. 


Бақыт Әшімова 2012 жылы қайтыс болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бақыт Әшімова #85 жылдық #опера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);