AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда балаларға арналған фэнтези жанрындағы «Құ...

Алматыда балаларға арналған фэнтези жанрындағы «Құт» фильмінің премьерасы өтті

Мәдени Алматы Бүгін 15:10 47 yakiya
Алматыда балаларға арналған фэнтези жанрындағы «Құт» фильмінің премьерасы өтті
Қайрат Қонысбаев

Алматыда балаларға арналған фэнтези жанрындағы «Құт» фильмінің премьерасы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Үлкен экранға «Құт» балалар көркем фильмі жол тартты. Авторы – белгілі режиссер Айхан Чатаева.

Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген фильм оқиғасы Ақтоғай ауылында өтеді. Басты кейіпкер – ауылдың қадірменді ақсақалы Рақымбайдың (рөлді сомдаған Қонысбек Бекайдаров) немересі, жасөспірім Қайсар (Заңғар Тұрсынқазы) үшін шынайы өмір мен қиял тұтасып кеткен. Ол – кішкентай күнінен көне түркілердің аңыздарын оқып жүретін бала. Кинокартинада сол мифтер әлеміне де сүңгіп кетіп, Рухтар елшісінің (Әлия Бөпежанова) данагөйлігін танып-түсінуге ұмтылады. Жұдырықтай жүрегі туған жер деп соққан қаршадай бала, аңызда Қара Мергенге (Болат Момынжанов) қарсы шыққан Қайсар батырдай, өңінде Ақтоғайдың жеріне көз тіккен бүгінгі қалталыларға қарсы тұрады...

«Фильмнің түпкі ойы көне түркі мифологиясына негізделген, Қазақ халқының Көк тәңіріне сыйынып, Ұмай-ананы қастерлеген көне түркі өркениетінен бастау алатын керемет дәстүрі – ата-баба аруағын қастерлеу. Туған жер – ата-бабаның сүйегі жатқан жерді көздің қарашығындай сақтау, қорғау, ешқашан ешкімге сатпау. Әйтпесе одан Жаратушының сыйы – құт қашады. Міне, біз жас ұрпаққа осыны жеткізуді, фильм арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық тәрбиені насихаттауды көздедік», – дейді режиссер және сценарий авторы Айхан Чатаева.

Сюжеті сан қырлы фильмге жас дебютанттар Бақдәулет Ақылбекұлы (Жайдар), Айша Мақсотова (Дария) және белгілі актерлер Дариға Күшкенбайқызы (Орынхан), Гүлмира Хасанова (Қырмызы), Мұхтар Қапалбеков (Рақымбайдың інісі) түскен.

Дәстүрлі фольклор мен заманауи өмір өзара сәтті үйлесім тапқан фантастикалық фильмнің премьерасы «Арман» кинотеатрында өтті. «Құттың» операторы – Борис Трошев, суретшісі – Алексей Шиндин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бір жылда Алматыда не өзгерді?

Бүгін 15:59

Алматыда Роза Бағланова тұрған үйде мурал салынды

Бүгін 15:05

Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізілуде

Бүгін 14:24

Владимир Путин тең құқылы және өзара құрметке негізделген Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді

Бүгін 14:21

Президенттің пікірінше, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық айрықша назар аударуға лайық

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);