AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Балалар ғылыми музейі ашылады

Алматыда Балалар ғылыми музейі ашылады

Мәдени Алматы Бүгін 17:10 41
Алматыда Балалар ғылыми музейі ашылады
Қайрат Қонысбаев

Алматыда осы жазда Орталық Азиядағы алғашқы әлемдік деңгейдегі Балалар ғылыми музейі ашылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Almaty Children's Science Museum деп аталатын бұл жоба жай ғана музей емес, болашақ ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын оятатын, шығармашылық ойлауын дамытатын және жаңа буын зерттеушілерін тәрбиелейтін заманауи бірегей білім беру кеңістігі болмақ.

Ұлттық ғылым академиясында осы бірегей жоба таныстырылып, оның тұжырымдамасы және елдің ғылыми әлеуетін дамытудағы рөлінің қандай болатыны талқыланды.

Толығымен мемлекет қаржыландырып отырған жоба әдеттегі өзімізге таныс классикалық мұражай емес, ғылыми теория мен тәжірибенің қатар ұштасатын жаңа білім беру ортасы ретінде қызмет етпек.

Балалар музейінің басты символы алма болады. Ұлттық ерекшелікке сай бейімделетін ғылыми кеңістікте интерактивті зертханалар, галереялар ашылып, ғылым, технология, инженерия, математика мен жасанды интеллектке арналған тәжірибелік сабақтар, дәрістер ұйымдастырылады.

Сондай-ақ ойын баласын баурап алатын алаңдары бар KidsSTOP аймағы мен «Жібек жолындағы ғылым», «Ғарыш кеңістігі» секілді тақырыптық бөлімдер жұмыс істейді. Мәселен, «Жібек жолындағы ғылым» қазақ халқының көшпелі кезеңдегі ғылыми жетістіктері мен қазіргі қолданысы таныстырылады. Әрбір құбылыстың ғылыми негізі түсіндіріледі. Ал экология бөлігінде, мәселен Арал теңізінің тартылу себептері, оны қалпына келтіру жолдары және Алматы тауларындағы сел үдерістері туралы мәлімет беріледі. Бас-аяғы 130-дан астам бағдарлама, интерактивті экспозициялар ұсынылады. Бұл – теорияны тәжіибемен ұштастыратын интерактивті әрі заманауи формат.

«Біз балаға дайын жауаптар ұсынбаймыз, өзі ізденіп табатын жолды көрсетеміз, ғылымға жетелейміз. Оларға біздің ғалымдар, мамандар қолдау көрсететін болады. Тараптар баланың ұғымына сай әрекет ететіндіктен кез-келген зертханалық жұмыс қызықты болады деп ойлаймыз. Балаларға ғылымның соншалықты күрделі еместігін, оларға да қолжетімді әрі қызықты екенін көрсетеміз. Музей ішінде биотехнология, ДНҚ, физика, жасанды интеллект және басқа да салалардағы зертханалары бар Science Hub орталығы жұмыс істейтін болады. Мұнда балалар түрлі сынақ, эксперимент жүргізіп, жобаларға қатысып, әртүрлі салада қабілет-қарымын сынап көре алады. Ары қарай жолын ғылымнан табар болса, бек қуаныштымыз», – дейді болашақ Балалар музейінің білім, экспозициялар және ғылым жөніндегі директоры Дана Шаяхмет.

Елімізде адами капиталды дамытуға, ғылым мен инновацияны ілгерілетуге үлкен үлес қосуы тиіс музейдегі басты артықшылық – балалар ғылымды кітаптан емес, көзбен көріп, қолмен ұстап, тәжірибе арқылы үйренеді. Және де ілім-білімге, ғылымға құштар кішкентай достарымыз барлық процеске ата-анасымен қатыса алады.

Сегіз зертханасы болатын нысанның жалпы ауданы шамамен 27 мың шаршы метрді құрайды. Ал музейге жылына 560 мың адамнан астам адам келеді деген болжам бар.

Цифрлық даму – еліміздің экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі. Балалардың ғылыми сауатын арттыру, зерттеушілік ой-қабілетін дамыту, ұштау және инновациялық білім беру ортасын қалыптастыруды көздеп отырған бұл музей осы сұранысқа толық жауап беретіні сөзсіз.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика