AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда балалар анестезиологиясының өзекті мәселе...

Алматыда балалар анестезиологиясының өзекті мәселелері талқыланды

Медицина 02.10.2024, 10:46 1,043 Bakyt
Алматыда балалар анестезиологиясының өзекті мәселелері талқыланды
«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» баспасөз қызметі

Алматыда балалар анестезиологиясы мен қарқынды терапия саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

25-28 қыркүйек аралығында Алматыда гибридті форматта Қазақстан балалар анестезиологтары мен реаниматологтарының республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Литва елдерінен келген білікті мамандар, медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары мен профессорлары, ғылыми институттардың жетекші мамандары мен басшылары, сондай-ақ еліміздің және шет елдердің балалар анестезиологтары мен реаниматологтары қатысты. Барлығы 500-ден астам маман қатысты.

Конференцияның салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың, «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» РҚБ президенті, профессор Ерғали Миербековтың, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Лязат Манжуованың және шетелден келген қонақтардың құттықтау сөзімен басталды.


«Балалар денсаулығын қорғау – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Соңғы үш жылда балалар өлім-жітімі азайды, және бұл тұрақты тенденция жалғасуда. Бұл жетістіктер жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Балалар анестезиологиясы мен реаниматология қызметі назарымызда, бұл сала мамандарының орны ерекше. Жылдан-жылға материалдық-техникалық база жақсарып, кадрлық әлеует артуда, жас мамандарды даярлау қолға алынуда, жаңа кафедралар ашылуда», - деген Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың құттықтауында

«Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» РҚБ президенті, профессор Ерғали Миербеков:

«Конференция – балалар анестезиологиясы мен қарқынды терапия саласындағы жетекші мамандардың тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіру мүмкіндігін беретін алаң. Бұл шара еліміздің медициналық саласын дамытуға және халықаралық байланыстарды күшейтуге бағытталған маңызды оқиға болып табылады».

Конференция барысында еліміздегі балалар анестезиологиясы мен реаниматология қызметінің қазіргі жағдайы, балаларға анестезиологиялық көмек пен қарқынды емдеуді жетілдіру, балалар анестезиологиясындағы нейромониторинг және нейронавигация мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, педиатрия және неонатологиядағы анестезиолог-реаниматологтардың жұмысындағы өзекті мәселелер қарастырылды.

Алқалы жиында анестезиология саласына көп жыл еңбек сіңірген ардагер балалар анестезиологтары мен реаниматологтарына құрмет көрсетілді. Оларға «Ардагер анестезиолог-реаниматолог» және «Үздік анестезиолог-реаниматолог» төсбелгілері табысталды.

Конференция аясында екі ғылыми орталықта шетелдік мамандардың дәрістері және төрт шеберлік сыныбы өткізілді. Түркия және Ресей мамандары 100-ден аса жас мамандарды оқытты.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқына мамандандырылған медициналық көмекті жақсарту үшін анестезиологтар мен реаниматологтарды және сабақтас мамандықтарды біріктіру, жинақталған мәселелерді талқылап, шешу жолдарын іздеу.

Конференция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өтті. Шара барысында анестезиология мен қарқынды емде қолданылатын медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің көрмесі ұйымдастырылды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Педиатрия #балалар #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);