Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бағаны көтермеу үшін үйдің жанындағы дүке...

Алматыда бағаны көтермеу үшін үйдің жанындағы дүкендерге мониторинг жүргізу басталады

Әлеумет 20.01.2022, 05:47 1,107
Алматыда бағаны көтермеу үшін үйдің жанындағы дүкендерге мониторинг жүргізу басталады
Сурет: Мedaboutme.ru

Алматы әкімдігі үй жанындағы азық-түлік дүкендерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтеруіне мониторинг жүргізе бастайды


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша қала активіне тиісті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz




«Өкінішке орай, үйдің жанындағы дүкендердің бағаны негізсіз көтеру фактілері бар, бұл туралы ақпарат келіп түседі. Мұндай кезеңде алыпсатарлықпен айналысу өте орынсыз деп санаймын. Осыған байланысты өзімнің орынбасарым М.С. Қиқымовқа, кәсіпкерлік басқармасына, аудан әкімдеріне 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау бойынша құқық бұзушыларды анықтап, олардың деректерін шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберуді тапсырамын. Жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдап, күн сайын осы мониторингті жүргізу қажет», - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.



Қазіргі уақытта Алматы қаласында 3,5 мыңға жуық дүкен жұмыс істейді. Өткен аптадан бастап «Алматы» ӘКК» АҚ ӘМАТ-ты үй жанындағы дүкендерге тікелей жеткізу бойынша жұмысты бастады. Өндірушілерден тікелей 67 тонна өнім (нан, жұмыртқа, бакалея, күріш, қант және күнбағыс майын қоса алғанда) жеткізілді. Көтерме жеткізілімге тапсырыстар жедел желі телефоны бойынша қабылданады: +7 707 787 95 35.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Алматы индустриялық аймағының аумағында өндірушілер мен бөлшек сауда арасындағы байланыстарды қысқарту үшін қажетті инфрақұрылым құруға мүмкіндік беретін тарату орталығының құрылысын жобалау жүргізілуде. Ағымдағы жылы ЖСҚ әзірлеуді аяқтау және тарату орталығының құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасы сауда желілеріне «айналым» жеңілдікті қарыздарын бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Бөлінген қаражат есебінен «Магнум» желісінде ӘМАТ-тың барлық 19 атауы төмендетілген бағамен және «Тоймарт» желісінде 12 ӘМАТ (ұн, нан, рожки, күріш, тауық еті, айран, сүзбе, сары май, тұз, күнбағыс майы, картоп, пияз) сатылуда. Орташа алғанда, екі желіде көкөністердің (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) бағасы нарықтық бағадан 30-50%-ға төмен, ет өнімдері (сиыр еті, тауық еті, жұмыртқа) 10-15%-ға, азық-түлік 10-30%-ға төмен.


«Алматынан» ЖШС-мен нанның босату бағасын 85 тг/бөлке деңгейінде белгілеу, 1,8 мың тонна күнбағыс майын 585 тг/шөлмекке және 700 тонна қарақұмық жармасын 500 тг/кг («Стандарт Продактс» ЖШС) қаланың сауда желілеріне жеткізу бойынша меморандумдар жасалды.


7 азық-түлік базарында (Көк базар, «Ақбұлақ» (көтерме сауда), «Сары-Арқа», «Тастақ», «Таусамалы», «Алматы-1», «Түрксіб» жәрмеңкесі) көкөніс және бакалея өнімдері базар бағасынан 1,5-2 есе төмен бағамен сатылады. «Ет дүкендері» 5 базарда іске қосылды («Жұлдыз», «Орбита», «Таусамалы», «Арыстан» және «Тастақ»), онда сиыр еті 2050 тг/кг (нарықтық бағадан 20% төмен) сатылады. Павлодар (барлығы 6,5 мың тонна картоп пен сәбіз), Алматы (250 тонна қырыққабат) және Жамбыл облыстарынан (1,5 мың тонна пияз) көкөністерді тікелей жеткізу ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #үй #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі