Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бағаны көтерген дүкендер тексеріледі

Алматыда бағаны көтерген дүкендер тексеріледі

Әлеумет 06.05.2022, 12:21 1,172
Алматыда бағаны көтерген дүкендер тексеріледі
Сурет: Әкімдік

Алматы дүкендері мен базарларындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстеме бағасын көтергендерге тексеру жүргізіледі


 Азық-түлік базарлары мен үй жанындағы дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘМАТ) қоюға рұқсат етілген 15% саудалық үстеме бағаны сақтауларына қатысты тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Комиссия құрамына Алматы прокуратурасының келісімі бойынша аудан әкімдіктерінің, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Сауда, Мемлекеттік кірістер, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері кіреді. Рейдтік іс-шаралар 26 әмбебап базарларды және Алматыдағы «үй жанындағы» 3 600 дүкендерді қамтиды.


Тексеру барысында кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу бағасынан оларға қойылатын 15%-дан астам бағаны көтергені және рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын (олардың белгіленген бағасына қарай) көтергені үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы хабарлама жіберіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 204-4 бабына сәйкес, шаралар қабылданатын болады. Мәселен, саудалық үстеме бағаны көтергені үшін кәсіпкерге бірінші жолы ескерту беріледі, бұзушылық қайталанған жағдайда, 10 АЕК-тен 300 АЕК дейінгі (30 630 теңгеден 918 900 теңгеге дейін) мөлшерде айыппұл салынады. Белгіленген шекті бағаны бірінші рет көтергені үшін 100 АЕК (306 300 теңге), бұзушылық қайталанған жағдайда, 200 АЕК мөлшерінде (612 600 теңге) айыппұл салынады.


Қолданыстағы сауда заңнамасын сақтау мақсатында кәсіпкерлерге баламалы нұсқа – ҚР ірі дистрибьюторлары мен өндірушілерінен тікелей көтерме баға бойынша бакалея өнімдерінің тікелей жеткізілімі ұсынылатын болады. Аталған шара Алматыда жыл басынан бері қолданылуда: бүгінде 1 мыңнан астам «үй жанындағы» дүкендер қамтылды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 атауы бойынша шамамен 1,5 мың тонна өнім (жұмыртқа, қант, күріш, ұн, күнбағыс майы, қарақұмық, макарон, тұз) жеткізілді.


 


Алматы қаласында 2022 жылғы 31 мамырға дейін ұсынылған бағалар:



  1. Бірінші сұрыпты бидай ұны - 230 тг.

  2. Бірінші сұрыпты (формалы) бидай ұнынан пісірілген нан - 100 тг.

  3. Рожки (таразы) - 230 тг.

  4. Қарақұмық жармасы (өзегі, салмағы) - 450 тг.

  5. Тегістелген күріш (дөңгелек дәнді, салмағы) - 280 тг.

  6. Картоп - 200 тг.

  7. Асханалық сәбіз - 220 тг.

  8. Бас пияз - 130 тг.

  9. Ақ қырыққабат - 250 тг.

  10. Ақ қант (құмшекер) - 460 тг.

  11. Күнбағыс майы - 840 тг.

  12. Сиыр еті (сүйегі бар жауырын-төс бөлігі) - 2350 тг.

  13. Тауық еті (сүйегі бар жұмсақ еті) - 1150 тг.

  14. Сүт (майлылығы жұмсақ қаптамада 2,5%) - 330 тг.

  15. Айран (майлылығы жұмсақ қаптамада 2,5%) – 385 тг.

  16. Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толтырғыштар мен өсімдік майларынсыз) – 3350 тг.

  17. Тауық жұмыртқасы (I санат) - 460 тг.

  18. Ас тұзы ("Экстрадан" басқа) - 65 тг.

  19. Сүзбе (майлылығы 5-9%) - 1950 тг.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дүкен #баға #тексеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика