AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда автокөліктердің экологиялық талаптарға сә...

Алматыда автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігі тексерілді

Заң мен тəртіп 06.10.2025, 09:38 558
Алматыда автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігі тексерілді
Сурет: Polisia.kz

Алматыда 100-ден астам автокөлік экологиялық нормаларға сәйкестігіне тексерілді

Алматы қаласында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Мемлекет басшысының "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру және профилактика жылы аясында Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері "ЭКО Алматы" ЖШС мамандарымен бірлесіп, автокөліктерден шығатын зиянды заттарды бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. 4-5 қазан күндері жылжымалы экологиялық зертхана көмегімен заманауи газталдағыштар мен түтінөлшегіш құрылғылар арқылы автокөліктердің шығарындылары тексерілді.

Барлығы 131 көлік құралы тексеруден өтті. Нәтижесінде 21 жүргізуші рұқсат етілген ластаушы заттардың шекті мөлшерін асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық мәдениетін және өз автокөліктерінің техникалық жағдайына деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.

 - Шаһар экологиясы – әрбіріміздің жауапкершілігіміз. Біздің мақсатымыз – тек бұзушылықтарды анықтау емес, оларды болдырмау, заңға бағыну және өз қаламызға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, – деді, Тимур Ноғайбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Автокөліктер #Экологиялық талаптар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Кеше 20:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);