AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда автокөліктерді тексеру барысында экология...

Алматыда автокөліктерді тексеру барысында экологиялық нормаларды бұзу анықталды

Барлығы 04.02.2026, 10:25 294 yakiya
Алматыда автокөліктерді тексеру барысында экологиялық нормаларды бұзу анықталды
Экология және қоршаған орта басқармасы

Алматыда автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша бақылау шаралары өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Тексерістерді «Eco Almaty» ЖШС Алматы қалалық Полиция департаментімен бірлесіп, мегаполистің әртүрлі ауданында аспаптық өлшеулер арқылы жүргізді. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.

Саин мен Дулати көшелерінің қиылысында мамандар 30 автокөлікті тексерді. 16 көлікте рұқсат етілген экологиялық көрсеткіштің артуы тіркелді. Оның ішінде екі заңбұзушылық дизельді қозғалтқышы бар көліктерден, тағы 12-сі бензинмен жүретін автокөліктерден анықталды.

Қосымша тексеру Сүйінбай даңғылы мен Бекмаханов көшесінің қиылысында ұйымдастырылды. Мұнда 20 автокөлік тексерілді. Экологиялық нормативтердің артуы дизель отынымен жүретін 6 көліктен анықталды.

Жалпы 50 автокөлік тексеріліп, заңбұзушылықтарға байланысты 22 әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы 1-бөлігіне сәйкес, шығарындыларындағы ластаушы заттардың мөлшері немесе шу деңгейі белгіленген нормадан асатын автокөліктерді пайдалану жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.

Айта кетейік, автокөліктерді бақылау 2025 жылы 30 желтоқсанда бекітілген Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында жүргізіліп жатыр. Құжат автокөлік құралдарын қосқанда, шығарындылар көздеріне экологиялық бақылауды күшейтуге және әсіресе қолайсыз метеорологиялық жағдайда ауаның ластануын азайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология және қоршаған орта басқармасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент әкімшілігінің экс-басшысы “Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Бүгін 13:09

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін 11:55

АҚШ күштері Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасады

Бүгін 11:29

Қазақстанда электромобильдерге жаңа түсті нөмір берілуі мүмкін

Бүгін 10:51

Бұршақ пен дауыл: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);