Алматыда ауқымды велошеру өтеді

Алматыда ауқымды велошеру өтеді Сурет: 24.kz

2 қазан күні Алматыда тұрақты дамуды ілгерілетуге арналған Orange BeNeLux Bicycle Tour қалалық велошеруі өтетінін хабарлаймыз. Велошеруге 16 жастан асқандар қатысады. Жалпы қашықтығы – 15 шақырым. Велошеру сағат 9:00-де Розыбакиев көшесіндегі MEGA Center Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы аумағында басталады. Одан әрі бағыт Әл-Фараби даңғылының бойымен жалғасады.


Осыған байланысты Розыбакиев көшесі – Левитан көшесінен Малахов көшесіне дейін сағат 6.00-ден 10.00-ге дейін, әл-Фараби даңғылы (оңтүстік жағы) - Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін шығыс бағытта сағат 9.00-ден 9.30-ға дейін (велошеру жүріп өткен сайын қозғалыс ашылып отырады), Әл-Фараби даңғылы Назарбаев даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін батыс бағытта - 9.05-тен 10.00-ге дейін жабылады.


Велошерудің бастамашысы – Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі. Велошерудің ұйымдастырушылары – Қазақстан велоспорт федерациясы мен Қазақстан триатлон федерациясы. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.


Orange BeNeLux Bicycle Tour мына идеяларды ұсынады: 


​• велосипедтерді көлік құралы ретінде пайдалану мен жол қауіпсіздігін жақсарту, сонымен қатар оларды тұрақты ұтқырлық пен көлік инфрақұрылымын жоспарлау мен жобалауға біріктіру;


​• барлық адам үшін (ерлер мен әйелдер, ересектер мен кәмелетке толмағандар) дене тәрбиесін, салауатты өмір салтын, аурудың алдын-алуын, дене және психикалық денсаулық пен салауаттылықты нығайтуды насихаттау;


​• толеранттылықты, өзара түсіністікті және әлеуметтік интеграцияны насихаттау.


Велошеруге 1000-ға жуық адам қатысады.


Велошеруден кейін AlmaU Университетінде Нидерланды Корольдігінің Елшілігі мен Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының ұйымдастыруымен панельдік пікірталас өтеді. Талқылау велосипед инфрақұрылымы мен оған қатысты тақырыптарға арналады. Сонымен қатар, қатысушыларға Dutch Cycling Embassy ұйымының «Озық тәжірибе. Нидерландыдағы велосипед мәдениеті» кітабының үш тілде басылған шектеулі даналары беріледі. Талқылауға Urban Forum Kazakhstan, Нидерланды және т.б. сарапшылары қосылады.


Күні мен уақыты: 2 қазан, 09:00 – велошерудің басталуы, 11:00 – панельдік пікірталастың басталуы


Өтетін орны: Mega Center Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы, AlmaU Университеті 


#BeNeLuxBicycleTour #BeNeLuxTourKZ


Тұрақты дамуды ілгерілетуге арналған


Orange BeNeLux Bicycle Tour


БАҒДАРЛАМАСЫ


Күні мен уақыты:


2022 жылғы 2 қазан, 9:00


Басталу мен аяқталу орны:


MEGA Center Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы


































08:15 – 08:50



Қатысушылардың жиналуы, инструктаж



09:00



Велошерудің басталуы



09:40



Фуршет



09:45 – 10:00



Алғы сөздер



10:00



Велошерудің аяқталуы



10:10 – 10:30



Ұтыс ойыны



11:00 – 12:00



Велосипед мәдениеті мен инфрақұрылымы туралы панельдік пікірталас. Өтетін орны – AlmaU Университеті. Ұйымдастырушылар – Нидерланды Корольдігінің Елшілігі және Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қоры


Модератор: Әділ Нұрмақов, Urban Forum Kazakhstan



 


 


 



 


 


 


 


 


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:20

16:10

16:02

15:52

15:28

15:19

15:10

14:41

14:23

14:14

12:48

12:30

12:20

12:09

11:47

11:44

11:30

11:30

11:10

11:05

10:55

10:46

10:42

10:38

09:56