AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда аулаларды, көшелер мен жолдарды жаппай та...

Алматыда аулаларды, көшелер мен жолдарды жаппай тазалау ұйымдастырылды

Әлеумет 17.01.2022, 10:25 1,367
Алматыда аулаларды, көшелер мен жолдарды жаппай тазалау ұйымдастырылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

200-ден астам техника мен 700 жұмысшы жұмылдырылды.


Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың отырысы барысында санитарлық тазарту жөніндегі коммуналдық қызметтер коменданттық сағаттан басқа штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Данияр Қырықбаевтың айтуынша, 8 қаңтардан бастап қоқыс шығарушы ұйымдар аула аумақтары мен жеке тұрғын үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын бастады. 200-ден астам техника мен 700 жұмысшы жұмылдырылды. Ағымдағы кезеңде 10,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.



«9 қаңтардан бастап «Алматы Тазалық» МКК мен мердігер ұйымдар мегаполистің көше-жол желісін тазарту бойынша жаппай жұмыстар ұйымдастырды, оған 500-ге жуық арнайы техника мен 1600 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бүгінде 667 тонна қоқыс шығарылды», - деді спикер.



Сондай-ақ, 9 қаңтардан бастап құтқару қызметінің 93 жұмысшысының күшімен 45 бірлік арнайы техниканы қолдана отырып, тәртіпсіздік барысында зақымданған 100 бірлік автокөлік, сондай-ақ ірі көлемді қоқыс пен қираған экопосттар шығарылды.


Данияр Қырықбаев қазір қалалық коммуналдық қызметтер коменданттық сағаттан басқа штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалау #техника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Кеше 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика