Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Ауғанның отты жалыны» атты көрме өтеді

Алматыда «Ауғанның отты жалыны» атты көрме өтеді

Әлеумет 15.02.2023, 14:29 941
Алматыда «Ауғанның отты жалыны» атты көрме өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Ауғанстанда КСРО-ның 620 мыңға жуық, соның ішінде қазақстандық 22 мың адам әскери қызметтерін өтеді


16 ақпанда Мемлекеттік Орталық музейінде Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» көрмесі ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


 Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінде ауыр да  азапты тоғыз жыл бойы – 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін болды. 


 Ауғанстанда КСРО-ның 620 мыңға жуық, соның ішінде қазақстандық 22 мың адам әскери қызметтерін өтеді.


 15 526 адам, соның ішінде қазақстандық 924 қаза тапты, алған жарақаттарынан және аурулардан қайтыс болды.  


 333 адам (КСРО Қорғаныс министрлігі Бас Штабының деректері бойынша), соның ішінде қазақстандық 21 адам хабар-ошарсыз жоғалды және тұтқынға түсті. 


Ауған соғысы Кеңестер Одағына ешбір ар-абырой,  даңқ әкелген жоқ.


Құрбан болғандардың туыстары мен жақындары үшін бұл қасіретті соғыс 1989 жылы 15 ақпандағы әскерлердің шығарылуымен де аяқталған жоқ. Ол тіпті уақыттың өзі де емдеуге дәрменсіз қансыраған жара болып қалып отыр. Осы қантөгісті оқиғаның тәжірибесі әр мемлекет пен халық өздерінің ішкі істерін өз халықтарының пайдасы мен игіліктері үшін дербес түрде шешуге үндеген қайталанбас сабақ болды. Шайқас шебінде соғысты тұтандырушылар емес, майдандағы жауынгерлер қаза болды. Көрме нақ осылар хақында. 


Көрменің мақсаты – Ауғанстан соғысы туралы шындықты жеткізу, жауынгерлер мен жастардың жаңа лек ұрпағын Ауғанстанда шайқасқан солдаттар мен офицерлердің патриоттық үлгісінде тәрбиелеу, сондай-ақ, соғыс саяси проблемаларды шешудің тәсілі емес екендігі туралы ұғымды қалыптастыру.


Экспозицияға Ауғанстанда шайқасқан, құрбан болған және осы отты кешуден аман қалған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары (оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының фотосуреттері, хаттары, куәліктері), наградалары мен жеке заттары қойылады. Көрмеге келушілерді, әсіресе, кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің, сондай-ақ олардың қарсыластарының әскери киім-мүліктері айрықша қызықтырары сөзсіз.


Көрме Қазақстанның «Жауынгерлік бауырластық» жергілікті соғыстар мен әскери қақтығыстар Ардагерлері Одағының және Алматы қаласындағы Ауғанстан соғысы ардагерлері Одағының белсеңді түрде қатысуымен ұйымдастырылып отыр.


Көрме 2023  жылдың  5 наурызына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауған соғысы #Көрме #музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика