Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары Мәслихатқа ұсынылды

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары Мәслихатқа ұсынылды Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Алматы қаласы Мәслихатының сессиясында жаңа «Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Аталған құжат - Алматы қаласының ерекшеліктерін ескере отырып, ауа сапасына әсер ететін негізгі ластау көздерін жүйелі түрде реттеуге арналған құрал болып табылады және алғаш рет көлік, III санаттағы объектілер, төмен шығарындылар аймағы (LEZ) және экологиялық мониторинг талаптарын бір құқықтық механизмге біріктіреді.

Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның сапасы ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып қала береді.

2024 жылы Алматы агломерациясы бойынша Шекті рұқсат етілген шығарындылардың жинақты томы есептеулері аяқталды.

Есептеулер нәтижесінде:

-  жалпы шығарындылар көлемі жылына 225 мың тоннаны құрайды;

-  оның 189 мың тоннасы тікелей Алматы қаласына тиесілі.

Бұл қала деңгейінде арнайы, нысаналы және нысаналы ерекшеленетін экологиялық талаптарды енгізудің қажеттілігін растайды.

Соңғы жылдары Алматы қаласының Әкімдігі нормативтік базаны жақсарту бойынша шаралар қабылдаған болатын.

Экологиялық кодекс пен «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, Маслихатқа атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын өз құзыретінде бекіту құқығы берілді.

Бұл — мегаполистің ерекшелігін ескере отырып, экологиялық саясат қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам.

2024 жылғы қазаннан бастап техникалық қызмет көрсету станциялары үшін рұқсаттық тәртіп енгізілді.

2025 жылғы қаңтардан бастап автокөліктердің шығарындыларының нормадан артық болуына жауапкершілік күшейтілді: ескерту жойылды.

Әкімдік Алматы қаласында Экологиялық кодекстің 206-бабын жүзеге асыру мақсатында Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын әзірледі.

Қағидалар төрт негізгі блокты қамтиды:

1.  Көлікті пайдалану ережелерін реттеу

2.  III санаттағы объектілерге қойылатын экологиялық талаптар

3.  Төмен шығарындылар аймағын (LEZ) ұйымдастыру

4.  Мониторинг, цифрландыру және қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) кезінде әрекет ету

Осылайша, құжат жергілікті деңгейде қолданыстағы реттеу олқылықтарын жояды.

Қағидалар барлық мемлекеттік органдармен келісілген, қоғамдық талқылаулар мен барлық қажетті сараптамалар өткізілген, реттеушілік әсерді талдау жүргізілген және ҚР Әділет министрлігінің келісімі алынған.

Көліктер жылына шамамен 112,7 мың тонна шығарындыларды қалыптастырады, оның ішінде:

-  Евро-0 экологиялық класындағы көліктер шығарындылардың 84%-ын қамтамасыз етеді.

Қағидалар коммуналдық және жеке автопарктерге міндетті экологиялық талаптарды енгізеді: қозғалтқыштың бос жүріс болмайды, шығарындыларды тазалау құралдары қолданылады, тұрақты есеп беру жүргізіледі.

Мақсат - автопарктерді кезең-кезеңімен Евро-5 және одан жоғары стандартқа жаңартып, кейін газбен жүретін және электр көліктеріне өту арқылы шығарындыларды азайту.

III санаттағы объектілер ауа сапасын айтарлықтай ластайды, ал шығарындыларды декларациялау формальды сипатта, тұрақты бақылау мен нақты экологиялық мониторинг жоқ.

Сонымен қатар, объектілерді санаттау кезінде және экологиялық скринингтен өтпеу жағдайлары тіркеледі, бұл рұқсаттық процедуралар мен бақылаудан жалтаруға мүмкіндік береді.

Қағидалар осы жүйелік олқылықтарды жоюға және кешенді реттеу мен бақылауды енгізуге бағытталған.

Қағидалар III санаттағы объектілерді формальды декларациядан нақты шығарындыларды бақылау режиміне көшіріп міндетті тазрту, зертханалық өлшеулер және орынға барып жүргізілетін экологиялық сараптама енгізіледі.

Шығарынды көздерін тазалау құрылғыларысыз пайдалануға тыйым салынады, сонымен қатар қатты отын мен ағаш пештерден газ отынына кезең-кезеңмен көшу енгізіледі.

Бұл артық әкімшілік қысым қолданбай шығарындыларды тиімді азайтуға және экологиялық жауапкершілікті күшейтуге жағдай жасайды,

Алматыда шығарындыларды азайту үшін төмен шығарынды аймақ (LEZ) кезең-кезеңімен енгізе отырып аумақты біртіндеп кеңейту жоспарланған.

Бұл тәсіл реттеу механизмдерін сынауға, әлеуметтік тәуекелдерді азайтуға және тұрғындарға шұғыл шектеулерсіз басқарылатын талаптарға өтуге мүмкіндік береді.

Төмен шығарынды аймақта нақты және түсінікті талаптар енгізіледі:

-   газбен қамтылған аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалану тыйым;

-   қалдықтарды жағуға және пиротехниканы қолдануға тыйым;

-  генераторлар мен арнайы техникада тазалау жүйелерін міндетті түрде қолдану;

Барлық талаптар қолданыстағы санитарлық және экологиялық нормалармен үйлестірілген.

Төмен шығарынды аймақта тек экологиялық талаптарға сай және шығарындыларды тексеруден өткен көліктер ғана қозғала алады.

Мақсат - жаңа тыйымдар енгізу емес, ең ластаушы көліктерді жолдан алып тастау.

Тексеру стандартты техникалық қызмет көрсету аясында жүргізіледі, қосымша процедуралар енгізілмейді. Шығарындылар нақты өлшенеді, деректер автоматты түрде тіркеледі және қолмен өзгертілмейді.

LEZ аймағында экологиялық нормаларға сәйкес келмейтін көлікті пайдалану әкімшілік жауапкершілікті тудырады. Сонымен қатар, тұрғындар мен бизнес үшін қосымша қаржылық шығындар қарастырылмаған - экологиялық тексеру стандартты техникалық байқау құнына кіреді.

Экологиялық мониторинг - атмосфералық ауаның сапасын объективті бағалауға және қабылданған шаралардың тиімділігін түсінуге мүмкіндік беретін негізгі құрал.

Қағидалар аясында мониторинг екі бағыт бойынша жүргізіледі:

Бірінші - арнайы экологиялық талаптардың орындалуын бақылау: бизнес пен жеке тұрғын үй секторынан шығарындыларды азайту.

Екінші - көлік, ауа сапасы және әлеуметтік-экономикалық факторлар бойынша кешенді талдау негізінде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді бақылау.

Негізгі мақсат - ауа сапасының өзгерісін және экологиялық міндеттемелердің орындалуын жүйелі әрі ашық бақылау, басқарушылық шешімдерді нақты деректерге сүйеніп қабылдау.

Қағидаларды іске асыру және олардың тиімділігін объективті бағалау үшін ақпараттық жүйе құрылады. Жүйе - атмосфералық ауаны бақылау және басқарудың біртұтас цифрлық құралы болады.

Бұл құрал бақылау датчиктерінің деректерін біріктіреді, қабылданған шаралардың тиімділігін талдауға, есептер мен аналитикалық материалдар жасауға мүмкіндік береді. Бұл басқарушылық шешімдерді нақты көрсеткіштер негізінде қабылдауға жол ашады.

Сонымен қатар, жүйе тұрғындарға бағытталған: азаматтар ақпарат ала алады, өтініш білдіре алады және ластау көздері туралы хабарлай алады. Қағидаларды іске асыру барысы мен қабылданған шаралар туралы тұрақты хабарландыру қарастырылған.

Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын қабылдау - Алматы қаласында жүйелі экологиялық саясат қалыптастырудың негізгі кезеңі болып келеді.

Құжат:

-  нақты деректер мен есептеулерге негізделген;

-  Экологиялық кодекске сәйкес;

-  халықаралық тәжірибені ескереді;

  •  шығарындыларды тұрақты төмендетуге құқықтық негіз жасайды.

"Қағидаларды бекіту арқылы біз жекелеген шаралардан басқарылатын, ашық және нәтижелі атмосфералық ауаны қорғау жүйесіне өтуге мүмкіндік аламыз. Шешім жобасын қолдауларыңызды сұраймын", - деді Алмасхан Сматлаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:37

12:30

12:13

11:50

11:35

11:21

11:06

10:50

10:32

10:24

10:05

09:47

09:39

09:16

09:09

08:51

22:09

18:30

17:55

17:49

17:35

17:15

17:00

16:47

16:45