AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда атаулы әлеуметтік көмек: қиын жағдайдан ш...

Алматыда атаулы әлеуметтік көмек: қиын жағдайдан шығуға бағытталған уақытша қолдау

Барлығы 29.10.2025, 17:12 858
Алматыда атаулы әлеуметтік көмек: қиын жағдайдан шығуға бағытталған уақытша қолдау
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов  атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету мәселелеріне тоқталып, бұл көмектің негізгі мақсаты – азаматтарға уақытша қиын жағдайдан шығуға жәрдемдесу екенін атап өтті.

«АӘК – өмір бойы берілетін жәрдемақы емес. Ол отбасыға қиын сәтте тірек болып, қайта аяққа тұруға мүмкіндік беретін қолдау түрі. Біздің басты міндет – адамдарға тек материалдық көмек емес, жұмысқа орналасуға және өзін-өзі дамытуға жол ашу», - деді Бауыржан Жаубасов.

Оның айтуынша, еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан жағдайда ғана көмек алу мүмкіндігіне ие болады.

АӘК екі бағытта көрсетіледі:

- Шартсыз көмек – еңбек етуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға (I–II топтағы мүгедектер, қарттарға күтім жасайтындар және т.б.) беріледі.

- Шартты көмек – еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмысқа орналасу, оқыту, қоғамдық жұмыстар сияқты белсенді шараларға қатысқанда көрсетіледі.

- 2025 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша Алматыда 1 819 отбасы немесе 9 063 адам атаулы әлеуметтік көмек алған.

«Мұндай шаралар адамдарға тек қиындықты еңсеруге емес, өз күшіне деген сенімділікті, еңбекке деген ынтаны арттыруға көмектеседі», - деп қорытындылады спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Бүгін 19:50

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Бүгін 19:47

Алматыда Қазақстан–Қытай прототиптеу орталығы ашылды

Бүгін 19:42

Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

Бүгін 17:53

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 17:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);