AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда «Ата жолы» картасы таныстырылды

Алматыда «Ата жолы» картасы таныстырылды

Өмір-өзен 21.08.2023, 08:49 1,596
Алматыда «Ата жолы» картасы таныстырылды
Сурет: интернеттен

Этникалық қазақтар үшін картаны беру тәртібі бекітілді.


Алматыда өткен халықаралық семинар-форумда «Ата жолы» картасы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қазақ диаспорасымен және шетелдегі қандастармен өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық семинар-форумға қатысып, басқа елдердің азаматтары саналатын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын таныстырды.



Алматы қаласында өткен семинарға «Отандастар қоры» КЕАҚ, «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан және Ресей Федерациясының сарапшылары және басқалар қатысты.



Асқарбек Ертаев таныстырған «Ата жолы» картасы – тарихи отанымен байланысты нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ елге кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді тартуға бағытталған ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жаңа құралы.



Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру аясында біз шетелде табысты бизнес-кейстері бар этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібін бекіттік. Бүгінде «Ата жолы» картасын беретін 50 этникалық қазақтың алдын ала тізімі қалыптастырылды, – деді комитет төрағасы.



Пленарлық сессиялар мен интерактивті пікірталастар барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы диаспораның әлеуетті үлесі мен рөліне көзқарас ұсынылды. Сондай-ақ қазақ диаспорасымен және шетелдегі қандастармен коммуникациялық стратегияны одан әрі ілгерілету және пысықтау жөніндегі қадамдар әзірленді.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ата #карта #Семинар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);