конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда ата, бала, немере және шөбере туындыларын...

Алматыда ата, бала, немере және шөбере туындыларының көрмесі ашылды

Барлығы 14.07.2025, 11:25 1,175
Алматыда ата, бала, немере және шөбере туындыларының көрмесі ашылды
Сурет: ҚР Мемлекеттік өнер музейі

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде еліміздегі ең жарқын шығармашыл әулеттердің бірінен саналатын Қасымбековтер туындыларына арналған «Өнерлі әулет өрнегі» атты көрме ашылды.

Қасымбековтер әулетінің түп-тамыры Жетісу Алатауының етегіндегі қасиетті Талды өлкесінен тарайды. Бұл – табиғат пен тарих, ұлттық рух пен шығармашылық біте қайнасып, үйлесім тапқан құтты мекен. Аңыздарға арқау болған, тастарындағы петроглифтерімен үнсіз сыр шертетін, арасан бұлақтарымен шипа дарытқан, көне өркениеттердің ізімен тарих тұнған бұл өлкеден шыққан әулетке терең дүниетаным, қажырлы еңбек, төзімділік пен нәзік көркем талғам дарыған.

Көрмеге әулеттің бірнеше буыны – аға ұрпақтан бастап шөберелерге дейін қатысып отыр. Олардың қатарында соғыс ардагері, суретші әрі өнертапқыш Ахметқали Қасымбеков және оның ұрпағы: балалары Болат, Манарбек, Жанаргүл, Бегайым, немерелері Айғаным Дулатқызы, Гүлмира Аппасова, Назерке Манарбекқызы, Ілияс Слямғазы, Өркен Қасымбеков, Әдемі Нұртілеу, сондай-ақ шөберелері Хамза Дулатұлы мен Ален Избасаров бар.  


Көрмеге келушілер көркем тілдің уақыт ағымындағы эволюциясын, әр автордың дара шығармашылық қолтаңбасын, сондай-ақ отбасылық дәстүрлердің әр туындыда қалай көрініс табатынын тамашалай алады.

– Экспозицияда мүсінші Болат Қасымбековтің өнері ерекше орын алады. Автордың әр кезеңдегі – ертеректегі және кейінгі жылдардағы жұмыстары ұсынылған. Олардың қатарында: «Қорқыт» (2013), «Абыз ата» (қола, 2012), «Алма ұстаған бала» (гипс, 2012), «Абай Құнанбаев» (гипс, 2019), «Дінмұхамед Қонаев» (гипс, 2020), «Шахмат фигуралары» (қола, 2023–2024), сондай-ақ 2024–2025 жылдары қоладан құйылған туындылары бар. Сонымен қатар, оның «Елтінді батыр», «Шоқан Уәлиханов», «С.Нұрмағамбетов», «Бағай батыр» сынды Алматы, Ұзынағаш, Жаркент және Маңғыстау өңірінде орнатылған монументалды шығармаларының фотоматериалдары қойылған, – дейді көрме жетекшісі Г.Жұбанова.

«Өнерлі әулет өрнегі» – бұл тек көркем жетістіктерді ғана емес, сонымен бірге отбасылық дәстүрлердің, рухани құндылықтар мен өнерге деген сүйіспеншіліктің қуатын бейнелейтін шығармашылық әулеттің тірі шежіресі. Көрме мәдениеттегі сабақтастықтың маңызын еске салып, ұлттық көркем мұраны сақтау мен дамытуға шабыт береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ата #бала #немере #шөбере
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Бүгін 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Бүгін 20:40

Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді

Бүгін 20:37

ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 20:34

Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);