конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда әскери қызметшілер 99 жасқа келген соғыс...

Алматыда әскери қызметшілер 99 жасқа келген соғыс ардагерін құттықтады

Өмір-өзен 21.04.2024, 07:37 1,917
Алматыда әскери қызметшілер 99 жасқа келген соғыс ардагерін құттықтады
Сурет: Gov.kz

Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысына қатысқан Любовь Николаевна Горковскаяны туған күнімен құттықтап барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Любовь Николаевна 1925 жылы 20 сәуірде Украинаның Луганск облысында дүниеге келген. Ол неміс басқыншыларының басып алу кезеңіне байланысты ауыр сынақтарды көрді.


1943 жылы қыз майданға өз еркімен аттанды. Әскери байланысшы курсын тәмамдағаннан кейін ол бірінші Украина майданы жаяу әскер дивизиясы алтыншы полкінің бөлімшесіне қабылданды.


Харьков маңындағы ұрыс кезінде Любовь Горковская қызмет еткен дивизия қоршауға алынды. Алайда, 1944 жылы сәуірде әскери бөлім жаудың қоршауынан шығып, қарсылас қолынан азат етілген Севастопольге шыға алды. Содан кейін ержүрек байланысшы қыз Беларусь және Балтық жағалауында басталған  шайқастарға да қатысты.


Жауынгерлік еңбегі үшін Любовь Николаевна I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен қоса, басқа да ордендермен және медальдармен марапатталды. Жеңіс туралы көптен күткен хабарды ол Балтық жағалауында естіді.


Соғыс аяқталғаннан кейін туған жеріне оралып, халыққа білім беру бөлімінде жұмыс істеді. 1946 жылы жұбайымен бірге Қазақстанға көшіп, еңбек жолын жалғастырды.


Любовь Николаевнаның екі баласы бар. Қазір немересімен бірге тұрады. Сұрапыл жылдар сынағы денсаулығына әсер етпей қоймады. Сондықтан жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері ардагерге үнемі барып, оған қолдау көрсетуге тырысады. Әскерилер үшін, оның отбасы мен айналасындағылар үшін Любовь Николаевнаның өмірі батылдықтың, төзімділіктің және өмірге деген сүйіспеншіліктің үлгісі болып қала береді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әскери қызметшілер #Соғыс ардагері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

Бүгін 19:54

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Бүгін 18:30

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);