конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда әскери институт 25-ші мерейтойлық түлекте...

Алматыда әскери институт 25-ші мерейтойлық түлектерін қанат қақтырды

Алматы 26.06.2026, 16:09 205 yakiya
Алматыда әскери институт 25-ші мерейтойлық түлектерін қанат қақтырды
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 25-ші мерейтойлық түлектеріне алғашқы «лейтенант» әскери шені мен дипломдары салтанатты түрде табысталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл аталған әскери жоғары оқу орнын 70-тен астам курсант сәтті тәмамдап, Қазақстан әскерінің офицерлер құрамын толықтырды. Олардың қатарында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ-ға) мүше мемлекеттер үшін әскери кадрларды даярлау бағдарламасы аясында білім алған Қырғыз Республикасының екі азаматы бар.

Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігі мен Әуе қорғанысы күштері бас басқармасының өкілдері, Қарулы Күштерінің ардагерлері, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен түлектердің туған-туыстары қатысты.

Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев жас офицерлерге ақ жол тілеп, жылы лебізін білдірді.

— Институт қабырғасында алған білімдеріңіз еліміздің әуе қауіпсіздігі мен әскери технологиялардың іргетасына айналады. Офицерлік намыс, Әскери антқа адалдық және бағыныстағы сарбаздарға қамқорлық — басты өмірлік ұстанымдарыңыз болуы тиіс, — деп атап өтті ол.

Бітірушілердің ішінде өршіл мінезімен, төзімділігімен көзге түскен түлек Баян Дәулетқазыұлының тағдыры шараға қатысушылардың жүрегін елжіретті. Осыдан төрт жыл бұрын, ол Әскери ант қабылдаған күні салтанатты жиынға асыққан оның отбасы жол апатына ұшырады. Қайғылы оқиғадан курсанттың әке-шешесі мен екі әпкесі қаза тауып, тек кішкентай інісі ғана аман қалған.

Мұндай ауыр қасіретті еңсерген Баян оқуын тастамай, міне, институтты сәтті аяқтап шықты. Өршілдігі мен оқуға деген жауапкершілігінің арқасында ол командирлері мен курстастары арасында үлкен құрметке ие.

Жас офицердің қайсарлығы мен рухының мықтылығына риза болған институт бастығы генерал-майор Нұртас Қабаков өзінің қолсағатын сыйға тартты.

— Мына сағатты өзіңе табыстағым келеді. Бұл сыйлық нағыз офицерді сыртқы қиындықтар емес, оның ішкі рухы айқындайтынын есіңе салып тұрсын. Әрдайым адал қызмет ет, тек алға ұмтыл және ешқашан берілме! — деп институт бастығы жас офицерге ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

Салтанатты рәсімге ерекше әсер сыйлаған сәттердің бірі – офицерлік вальс болды. Вальс аяқталғаннан кейін жас лейтенанттар сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Жиналған жұрттың ыстық ықыласы мен зор қошеметімен бойжеткен келісімін берді.

Әскери дәстүрге сай, шара соңында түлектер институттың Жауынгерлік Туымен қоштасты. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен жас лейтенанттар алаңнан салтанатты шерумен жүріп өтіп, қалыптасқан үрдіс бойынша тиыннан шашу шашты.

Ширек ғасыр ішінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 4 мыңнан астам жоғары білікті офицер кадрларын даярлап шығарды. Бүгінде олар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, өзге де әскерлері мен әскери құрылымдарында еліміздің қорғаныс қабілеті мен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін сенімді күзетіп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әскери институты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);