AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда Ashyq жобасы бойынша «қызыл» мәртебесі ба...

Алматыда Ashyq жобасы бойынша «қызыл» мәртебесі бар 32 келушіге айыппұл салынды

Медицина 12.07.2021, 15:10 1,584
Алматыда Ashyq жобасы бойынша «қызыл» мәртебесі бар 32 келушіге айыппұл салынды
Сурет: Daynews.kz

Түсіндірме жұмыстары  жүргізіліп жатыр.


Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Ashyq жобасының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


10 маусымнан бастап мониторинг қорытындысы бойынша карантин режимін бұзған 32 қала тұрғынына айыппұл салынды. 



«Бүгінде Ashyq жүйесі жұқтырғандардың карантин режимін сақтау әрі инфекцияның таралуына жол бермеуін бақылауда. 2021 жылы 9 сәуір мен 8 шілде аралығында қоғамдық тамақтану нысандарында сканерлеу кезінде "қызыл" мәртебесі бар 323 адам тіркелді. Фитнес, бассейндерде – 164, кинотеатрларда – 79, СОСО – 24, ХҚКО келушілердің арасында 21 адам анықталды. Тәртіп бұзушыларға 10 маусымнан бастап 30 АЕК бойынша 32 айыппұл салынды. Өткен аптада 10 айыппұл салынды», - деді Жандарбек Бекшин.



Тексерушілер кәсіпкерлерге санитарлық талаптарды ескере отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



«Біз тағы да қала азаматтарынан коронавирустың таралуына қарсы күресте көмек көрсетуді, вакциналауды және Ashyq жүйесіндегі нысандарға бару үшін міндетті түрде тіркеуден өтуді сұраймыз. Сондай-ақ КВИ-ге тест оң нәтиже көрсеткен жағдайда әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғамдық орындарға бармауға шақырамыз», – Жандарбек Бекшин.



 Ashyq жүйесінің мәліметтері бойынша, Алматы қаласында 2021 жылы 28 маусым мен 1 шілде аралығында сканерлеу нәтижесінде кәсіпкерлік нысандарына кірген кезде 28 тұрғынның «қызыл» мәртебесі және 9 адамның «сары» мәртебесі расталды.


 Көп жағдайда «қызыл» мәртебе тамақтану орындарына, фитнес-орталықтарға, кинотеатрларға және әуежайға келушілерден анықталуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#COVID-19 #Казахстан #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);