Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда анестезиологтар мен реаниматологтардың VI...

Алматыда анестезиологтар мен реаниматологтардың VI Конгресі өтті

Медицина 03.04.2023, 09:30 1,200
Алматыда анестезиологтар мен реаниматологтардың VI Конгресі өтті
Сурет: Ашық дереккөз

"Анестезиология және ересектер, балалар реаниматологиясы" мамандығы бойынша 821 болашақ маман оқытылады


Осы күндері Алматыда осы саладағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен анестезиологтар мен реаниматологтардың VI Конгресі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бүгінгі таңда анестезиология және реаниматология саласында заманауи технологияларды енгізу үшін, жалпы осы қызметті қарқынды дамыту және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"кодекстің талаптарын ескере отырып, анестезиология және реаниматология бойынша жаңа стандартты әзірлеуде.


Сонымен қатар, ведомство реаниматолог-анестезиологтардың тапшылығын жою бойынша шаралар қабылдайды, ол өңірлер бойынша 45-тен 80%-ға дейін құрайды. Қазіргі уақытта медициналық жоғары оқу орындарында "Анестезиология және ересектер, балалар реаниматологиясы" мамандығы бойынша 821 болашақ маман оқытылады, өткен жылы осы бейін бойынша медицина мамандарын шығару 169 адамды құрады, 2023 жылы 329 анестезиолог, 2024 жылы-323 маман шығару жоспарлануда.


Конгресс алаңында "экстракорпоралдық детоксикация", "Акушерліктегі анестезиология және реаниматология", "Анестезиологтардың жұмысы мен біліміндегі жаңа технологиялар" сияқты өзекті тақырыптар бойынша пленарлық отырыстар өтті, онда Израильдің жетекші спикерлерінің баяндамалары ұсынылды. Дәріс тақырыптары тәжірибеші анестезиологтар мен реаниматологтар үшін өзекті және қызықты болды.


Сондай-ақ, конгресс жұмысының барысында шұғыл акушерлік жағдайларда қарқынды терапияның өзекті мәселелері талқыланды.


Жетекші мамандар өз баяндамаларында медицинаның осы бағытында үлкен ілгерілеушілік бар екенін, тиісінше, тұрған міндеттердің деңгейі артып келе жатқанын және оларды шешуге жалпы көзқарас жетілдіруді қажет ететінін атап өтті. Форумға қатысушылар қауымдастық үшін проблемаларды көтеруге, проблемалардың сындарлы шешімдерін бірлесіп табуға және іс-қимыл алгоритмдерін жасауға мүмкіндік беретін осындай кәсіби алаңдар екеніне сенімді.



 "Анестезиолог – реаниматолог – бұл көпбейінді маман, сондықтан үнемі жаңа тәсілдер туралы хабардар болу өте маңызды, ал мұндағы ең жақсы нұсқа - осы немесе басқа заманауи жетістіктерді енгізген және сәтті қолданған әріптестермен қарым-қатынас жасау", - деп атап өтті ҚР ДСМ бас штаттан тыс анестезиологы, профессор Ағзам Шаймарданұлы Жұмаділов.



 Форумның жұмысына Израиль, Украина, Түркия және Ресейден келген шетелдік сарапшылар қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Анестезиолог #Реаниматолог #конгрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика