Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен қыз табылды

Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен қыз табылды Сурет: smartik.ru

Төрт жасар Мармар Қалмақбайдың анасы қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Lider kz волонтерлері мәлім еткендей, 2 қаңтар кешкі сағат 20:00 шамасында 39 жастағы Бақытгүл Қалмақбай кішкентай қызымен бірге Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жету үшін Алматы-Бішкек тасжолында көлік тоқтатқан.


Сағат 20:49 шамасында әйел ұйықтап жатқан баланы белгісіз ақ көлікте қалдырып, өзі Райымбек даңғылында Б. Момышұлы көшесіне жетпей түсіп қалған.


Бүгін таңертең Мармарды полицияға көлік жүргізушісі әкелді.




«Кішкентай қыз аман-есен табылды. Полиция Мармарды ата-анасына тапсырды»,-деп хабарлады ведомстводан.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21