Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Аманжол көшесінде асфальттың опырылуынан...

Алматыда Аманжол көшесінде асфальттың опырылуынан кейінгі жөндеу жұмыстары қолға алынды

Барлығы 17.09.2025, 08:39 583
Алматыда Аманжол көшесінде асфальттың опырылуынан кейінгі жөндеу жұмыстары қолға алынды
сурет: видео кадры

Әуезов ауданы әкімдігі аппаратының мәліметінше, «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС бұған дейін Аманжол көшесінде тарату желілері жобасын аясында ауызсу және кәріз инженерлік желілерін жүргізу жұмыстарын толық көлемде аяқтаған, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру уақытша кейінге қалдырылды. Бұл «QazaqGaz» АҚ тапсырысымен 300 мм диаметрлі болат газ құбырын тарту жоспарына байланысты қабылданған шешім еді. Жол төсемін қайта қазудан және тұрғындарға қолайсыздық туғызудан сақтану үшін қалпына келтіру жұмыстары газ құбыры төселгеннен кейін жасалуға тиіс еді.

Алайда ауданның жауын суы қолданыстағы арық жүйесі арқылы осы көшеге жиналып, жол төсеміне түсетін салмақты арттырған. Бұған қоса, инженерлік желілерді алты метрге дейінгі тереңдікте жүргізу топырақ негізін жұмсартты.

"Осы жағдайға және қатты нөсердің әсері жолдың шөгуіне және жабынның бүлінуіне әкелді. Соның салдарынан 2025 жылғы 16 қыркүйекте жол жабынының опырылып, 13 автокөлік зақымданды" делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Аманжол көшесі жабылды. Таңертеңнен бастап көліктерді эвакуациялау, топырақты шығару және жолды толық тазартқанға дейін балласт төсеу жұмыстары басталады.

Сонымен қатар мердігер ұйым зақымданған автокөліктердің иелеріне келтірілген шығынды толық өтейді. Мәселе Алматы қаласы әкімдігінің бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Кеше 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Кеше 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Кеше 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика