Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарлам...

Алматыда «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған кеңейтілген отырыс өтті

Барлығы 25.04.2025, 14:20 748
Алматыда «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған кеңейтілген отырыс өтті
Сурет: AMANAT партиясы

Алматыда «AMANAT» партиясы қалалық филиалының Саяси кеңесі Бюросы мен мәслихаттағы депутаттық фракцияның кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға партия мүшелерімен қатар, қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров және қалалық басқармалардың жетекшілері қатысты, деп хабарлайды 

Кездесу барысында партияның 2023–2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картасының орындалу барысы және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары қаралды. Партияның қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров отырысты ашып, партия бастамаларының күнделікті өмірде нақты нәтиже беруі тиіс екенін атап өтті.

«Біздің мақсат – жай ғана жоспар құрып, есеп беру емес. Ең маңыздысы – тұрғындар осы жұмыстың шынайы нәтижесін күн сайын сезінуі керек. Ол үшін нақты іске көшіп, халықпен байланыс орнату және депутаттардың жеке жауапкершілігін арттыру маңызды», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров.

Сонымен қатар, Жол картасы аясында басқарлмалар есебі тыңдалды. Олар Жол картасының түрлі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, алда тұрған міндеттерге тоқталды.

Отырыс барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

 Депутат Бекбол Рамазан жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастар практикасы» бағдарламасын жетілдіру қажеттігін көтерді. Игорь Проценко өзен арналарының реконструкциясы мен «Сайран» көлінің маңын абаттандыру жұмыстары туралы айтты.  Бақытбек Жұмабаев қаладағы медициналық мекемелер құрылысы мен жаңғырту шараларына назар аударды.

Ал Алтынай Кобеева әлеуметтік осал топтарға арналған «Әлеуметтік карта» жобасын кеңейту мәселесін көтерді.

Кеңейтілген отырыс нәтижесінде Жол картасының әр бағытына жауапты депутаттар қайта бекітілді. Сондай-ақ фракцияның 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының нәтижелері ұсынылды.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, нақты бастамалар арқылы өмір сапасын арттыру бағытында жұмысын жалғастырады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«AMANAT» партиясы #Cайлауалды бағдарлама #кеңйтілген отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы зообағында «Қызыл кітапқа» енген қонжықтар дүниеге келді

Бүгін 16:42

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүріліп жатыр

Бүгін 16:39

Дәрігерлер баланы аман алып қалды: екі жастағы сәби қайшыға құлап, басына өткір зат кіріп кеткен

Бүгін 16:36

Алматылық жастар әскерде десант-шабуылдаушы болады

Бүгін 16:33

Алматыда инновациялық орталық салуға жер мемлекет мұқтажы үшін алынады

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика