Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Алматы Жазы» акциясы барысында өзендер м...

Алматыда «Алматы Жазы» акциясы барысында өзендер мен су айдындарының аумақтары тазартылады

Әлеумет 26.06.2024, 10:57 728
Алматыда «Алматы Жазы» акциясы барысында өзендер мен су айдындарының аумақтары тазартылады
Алматы қаласы әкімдігі

«Алматы Жазы» акциясы аясында 26 маусымнан 6 шілдеге дейін қаланың аула ішіндегі аумақтарын қоқыстардан, сондай-ақ алаңы 250 шаршы км өзен жағалаулары мен су айдындарының аумақтарын тазарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Аулалар  ішіндегі аумақтарда қоқыс контейнерлерінің тез толуы жаз мезгілінде ірі мегаполисте өзекті мәселе болып табылады. Бұл проблеманы шешу үшін 1 454 контейнерлік алаңды санитарлық өңдеу, оларды жуу және дезинфекциялау, сондай-ақ 24 747 көше және аула урналарын тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, аула аумақтарының санитарлық және эстетикалық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы контейнерлік алаңдарды тереңдетілген контейнерлерге ауыстыру  жұмыстары жүргізілуде. 2024-2025 жылдар аралығында 2 905 жаңа контейнер орнату жоспарланған. Терең типтегі контейнерлердің негізгі артықшылықтары-эстетикалық көрініс, қалыптасқан құрылыс алаңдарының қысқаруы, жағымсыз иістердің болмауы, құстар мен қаңғыбас жануарлардың кіруіне тосқауыдың болуы.

«Алматы Жазы» акциясы «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында өткізіледі және жазғы кезеңде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының жалғасы болып табылады. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауды қалыптастыру, сондай-ақ жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы Жазы #Таза Қазақстан #республикалық акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жер-Ана тағдыры – адамзат қолында

Бүгін 12:21

Алматыда биыл 51 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 12:17

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Бүгін 11:54

Түрксіб ауданында 6100 орындық төрт жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:36

Алматының Түрксіб ауданы ескі үйлерді біртіндеп жаңартып жатыр

Бүгін 11:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика