AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда алғаш рет жастарға арналған тегін TikTok...

Алматыда алғаш рет жастарға арналған тегін TikTok мектебі ашылады

Барлығы 02.06.2025, 14:41 670
Алматыда алғаш рет жастарға арналған тегін TikTok мектебі ашылады
Алматы әкімдігі

Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен креатив жастарға арналған TikTok мектебі ашылады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Оқу бағдарламасы екі айға жоспарланған және аралас форматта өтеді: сабақтың жартысы онлайн, жартысы офлайн форматта ұйымдастырылады. Курсты TikTok саласының маманы, блогер, әлем бойынша жалпы аудиториясы  23 миллионнан аса оқырманы бар Адалият Бакиева жүргізеді. 

Мектеп қатысушыларға контент жасаудың қыр-сырын және оны дамытуға бағытталған. Оқу барысында жастар TikTok трендтерімен, платформаның алгортимдерімен, сторителлинг негіздерімен, түсірілім және монтаж әдістерімен танысады. Сонымен қатар, жеке бренд қалыптастыру мен аудиториямен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Алматы Жастар саясаты басқармасы айтуынша, бұл жоба жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және оларды заманауи цифрлық индустрияларға тартуға арналған тиімді алаң болмақ. 

Алғашқылардың бірі болып тіркелген – жас контентмейкер Ернар Сембеков. Ол бейнежазбалар түсіріп жүргенімен, қаралым мен жазылушылар санын арттыруда қиындықтарға тап болып жатыр. 

"Бұл мектеп мен үшін контентпен дұрыс жұмыс істеуді үйренуге үлкен мүмкіндік. Сарапшылардан ақыл-кеңестер алып, өз идеяларымды сәтті жобаларға айналдыруды үйренемін деп үміттенемін", – деді ол.

Өтінімдер 6 маусымға дейін қабылданады. Тіркелу сілтемесі мына жерде. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #TikTok #мектеп #креатив #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика