конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда алғаш рет FIBA Азия кубогы – 2029 турнирі...

Алматыда алғаш рет FIBA Азия кубогы – 2029 турнирінің алдын ала іріктеу матчтары өтеді

Спорт Бүгін 10:48 36
Алматыда алғаш рет FIBA Азия кубогы – 2029 турнирінің алдын ала іріктеу матчтары өтеді
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алдын ала іріктеудің бірінші раундына төрт топқа бөлінген 18 ұлттық құрама қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

26-31 тамыз аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында қала әкімдігінің қолдауымен FIBA Азия кубогы – 2029 турнирінің алдын ала іріктеу кезеңі бірінші раундының В тобындағы матчтары өтеді. Қазақстан 2029 жылғы турнирге қатысушыларды анықтайтын жаңартылған іріктеу жүйесінің бастапқы кезеңіндегі ойындарды алғаш рет қабылдап отыр. Бұл туралы қалалық спорт басқармасының өкілдері айтты.

Алматы осы раундтың матчтары өтетін Орталық Азиядағы жалғыз қала болмақ. Дәл осы кезеңнің матчтары Дубайда (БАӘ), Серембанда (Малайзия) және Ұлан-Батырда (Моңғолия) да ұйымдастырылады. Алдын ала іріктеудің бірінші раундына төрт топқа бөлінген 18 ұлттық құрама қатысады.

Алматыда Қазақстан құрамасы Палестина, Шри-Ланка, Мальдив аралдары және Қырғызстан командаларымен кездеседі. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, топтағы үздік үш құрама алдын ала іріктеудің екінші раундына жолдама алады.

Бұл турнир Қазақстан құрамасына топтық кезеңдегі барлық кездесуін өз алаңында, жанкүйерлерінің қолдауымен өткізуге мүмкіндік береді.

Екінші раундтың қорытындысы бойынша FIBA Азия кубогы – 2029 турнирінің іріктеу кезеңінде жарысты жалғастыратын командалар анықталады. Бұл кезеңде оларға 2025 жылы Жиддада өткен турнирге қатысқан 16 құрама қосылады.

Қазақстан құрамасы 1992 жылдан бері құрлықтық деңгейдегі жарыстарға қатысып келеді. Команданың үздік нәтижесі – 2007 жылғы Азия чемпионатындағы төртінші орын. Сол жарыста қазақстандықтар жартылай финалға дейін жетті. Алдыңғы іріктеу кезеңінде ұлттық құрама Үндістан мен Катарды жеңгенімен, 2025 жылғы Азия кубогының финалдық кезеңіне шыға алмады.

Алматыда алдын ала іріктеу матчтарының өтуі қаланың халықаралық баскетбол бағытындағы бастамаларының жалғасы болмақ. Бұған дейін Алматыда Орталық Азия баскетбол қауымдастығы Үйлестіру кеңесінің отырысы өткен, ал Қазақстан өкілдері FIBA Asia құрылымдарының жұмысына қатысып келеді.

Турнир жас спортшылар мен студенттерге халықаралық деңгейдегі баскетбол бәсекесін тікелей тамашалауға мүмкіндік береді. Елімізде алты өңірдің жас баскетболшыларын қамтитын NBA Kazakhstan бағдарламасы, сондай-ақ Ұлттық студенттік баскетбол лигасы жұмыс істейді, деп түсіндірді Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қыркүйекте-ақ шық түсіп, үсік шалуы мүмкін

Бүгін 11:17

Жылыту маусымына дайындық: энергия нысандарын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:04

Өңірлердің жылу беру маусымына дайындығы талқыланды

Бүгін 10:26

Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл жоспарын бекітті

Бүгін 10:06

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Бүгін 09:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);