AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда алғаш рет әжелер арасында байқау өтті

Алматыда алғаш рет әжелер арасында байқау өтті

Мәдениет 23.05.2023, 02:45 1,511
Алматыда алғаш рет әжелер арасында байқау өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Ең сүйікті әже


Алматыда әжелер арасында өткен «Асыл әже Almaty» конкурсында жылдың үздік әжесі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада алғаш рет 61 жастан асқан әжелер арасында «Асыл Әже Almaty» сайысы ұйымдастырылған.


«Сайыстың мақсаты – жастарды тәрбиелеу, қарт адамдардың қоғамдық іс-шараларға қатысуы, қарттарға қамқорлық көрсету, отбасылық дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды», - деп хабарлады әкімдік.


Сайысқа жиыны әр аудандағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарынан 12 финалист таңдап іріктеп алынды. Байқау төрт кезеңнен тұрды.


1-байқау «Сүйікті әжем»– «Асыл әже» сайысы (үй тапсырмасы). Қатысушылардың отбасы мүшелері (балалары, немерелері) отбасы және отбасылық дәстүрлері, өзінің әжесі туралы, оның қызығушылықтары жайында бейнероликте айтып берді.


Әділқазы алқасы бейнероликтің ерекшелігі мен туыстарының қолдауын бағалады.


2-байқау «Тамаша дәм» — «Аспаздық шеберлік» (үй тапсырмасы). Әрбір қатысушы өз қолымен асты дайындау барысында өзінің аспаздық шеберлігін көрсетті. Әділқазылар алқасы астың дәмін, сыртқы түрін, әсемдігін бағалады.


3-байқау «Өнерлі әже» — «Шығармашылық байқау».


Мұнда қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілетін әр түрлі жанрда: вокал, көркем сөз оқу, би билеу және т.б. көрсетті. Әділқазы алқасы сөз сөйлеу шеберлігін, орындау мәнерін бағалады.


4-байқау «Сымбатты әжелер» — «Ең сүйкімді және тартымды». Кешкі сәнді көйлектер көрсету кезеңі.


Конкурс қорытындысы бойынша 62 жастағы Гүлнәр әжей Құнанбаева гран-при иегері атанды.


Ол «Асыл әже Almaty 2023» атағын иеленіп, плазмалық smart теледидар жеңіп алды.


Сайысқа қатысқан басқа да әжелер номинация иегерлері атанып, бәріне демеушілер есебінен сертификат, микротолқынды пеш, блендер, басқа да бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Шараны Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Алматы қаласының белсенді өмір орталығы және Қазақстан композиторлар одағы ұйымдастырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әже #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);