Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда әлеуметтік қорғау жағы күшейді

Алматыда әлеуметтік қорғау жағы күшейді

Барлығы 13.08.2025, 14:19 648
Алматыда әлеуметтік қорғау жағы күшейді
Aqshamnews.kz

Алматыда әлеуметтік осал топтарды қолдау бойынша ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар адамдар мен әлеуметке қайта бейімдеуді қажет ететін азаматтарға көп көңіл бөлініп отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов осылай деп мәлімдеді.

Жыл басынан бері Алматы қаласында 196 293 адам жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге әлеуметтік көмек алды. Атаулы әлеуметтік көмекпен 1 621 отбасы (8 126 адам) қамтылды.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға ерекше көңіл бөлінген. Алматыда мүгедектігі бар 59,3 мың адам тұрады. 2025 жылға осы санаттағы азаматтарды қолдауға 17,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық (7,9 млрд теңге) көп.

Жыл басынан бері техникалық оңалту құралдары мен қызметтерін алу үшін 40 499 адам жүгінген, оның 27 048-і (66,8%) қажетті көмекті алды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 95%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асады. Қажетті құрал болмаған жағдайда азамат оны сатып та ала алады. Сонымен қатар, қымбат инновациялық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жұмысы да жүргізілуде. Бұл мақсатқа 1,4 млрд теңге бөлінді. 277 адамды қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінгі күнге дейін 43 адам протез, арба, есту аппараттары, сөйлеу процессорлары және басқа да керекті құралдарын алған.

«Инватакси» қызметі де дамып жатыр: 2025 жылы автопарк 100-ден 145 көлікке дейін ұлғайтылды. Бұл мақсатқа 1,4 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Яндекс Такси» агрегаторымен бірлескен пилоттық жоба іске аса бастады. Соның арқасында бұл қызметті пайдаланатындар саны 2 800 адамға артқан.

Қала кеңістігін мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. 2025 жылы 32,5 мың нысан (тұрғын үйлер, көшелер, саябақтар мен ғимараттар) құжаттаудан өтеді. 2021 жылдан 2024 жылға дейін 4 257 нысан бейімделді, биыл тағы 1 277 нысан стандартқа сәйкестендіріледі.

Бүгінде 3 504 мүгедектігі бар адам арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Көмек көрсететін барлық 9 медициналық-әлеуметтік мекеме мен 13 үкіметтік емес ұйым лицензиядан өтіп, цифрландырылған. Сонымен қатар, ҮЕҰ мүгедектігі бар балалар мен әртүрлі дертке шалдыққан ересектерге мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетеді.

Алматы әлеуметтік көмекті нақты әрі тиімді жеткізуді жалғастырып, көмекке мұқтаж жандарға қолдауды нығайтуды басты назарда ұстап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әлеуметтік қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика