Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

  • 15:54, 11 қыркүйек 2025
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді depositphotos.com

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету аясында, Алматы қаласы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп, ірі сауда объектілерінің, сауда желілерінің, супермаркеттердің, сауда базарлары мен үй жанындағы дүкендердің өкілдерін сауда заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері туралы, атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін сақтау, нақты ресімделген баға белгілерін көрсете отырып, тауарларды өткізу бойынша ақпараттандыру және түсіндіру іс-шараларын кешенді түрде жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақты түрде баға белгілеу мониторингі жүргізіліп, сауда субъектілеріне жадынамалар таратылып жатыр.

Департамент бағаны тұрақтандыру бойынша жедел шаралар қабылдауда және қаланың сауда желілері мен ірі супермаркеттерінде өткізілген кешенді іс-шаралардың нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны төмендету бойынша оң динамика байқалуда.

Сондай-ақ, азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның отырыстары тұрақты негізде өткізіледі.

Комиссия аясында Департамент Комиссия мүшелерімен бірлесіп баға белгілеуді бақылау бойынша мониторингтер, сауда үстемесінің 15% сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын, электрондық шот-фактураларға талдау жүргізеді, бұзушылықтарға жол берген кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау функциялары іске асырылады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 204-4-бабына сәйкес, сауда үстемесінің 15% - дан асқаны үшін "Метро Кэш энд Керри" ЖШС, А-стор супермаркеттер желісі, "Food Beverage Trading" ЖШС, My Mart супермаркеттер желісі, "Mix Market Trade" ЖШС, Carefood супермаркеті, JLC сауда желісі, "Good Luck Trade" ЖШС, "Airba Fresh" ЖШС, Столичный, Юбилейный супермаркеттер желісі, Беккер супермаркеттер желісі, Galmart супермаркеттер желісі сияқты ірі кәсіпкерлік субъектілеріне және өзге де кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды, оларға қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша жалпы сомасы 27 млн.теңгеден асатын 335 әкімшілік хаттама жасалды.

Сонымен қатар, сауда базарларының қызметін ұйымдастыру бойынша сауда қызметін реттеу, сауда орындарын беру тәртібі мен шарттарын қамтитын бекітілген жұмыс регламентінің болмауы мәселесі бойынша қаланың сауда базарларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, қаланың бірқатар сауда базары бекітілген регламенттің болмауына байланысты "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 204-2-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:41

11:38

11:01

10:19

09:43

09:12

18:19

17:06

16:50

15:08

14:44

14:10

12:34

11:30

11:00

10:06

09:25

09:00

17:37

16:46

16:13

14:19

14:10

13:12

13:02