AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің ті...

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініш қабылдау басталады

Алматы 22.08.2026, 10:00 256
Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініш қабылдау басталады
Алматы әкімдігі

Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесі қызметі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлерге беріледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесі қызметі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлерге беріледі. Оларға мыналар жатады:

• халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтарды жұмыспен қамту;

• әлеуметтік осал санаттағы қызметкерлер өндірген өнімдерді өткізу;

• халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тауарлар өндіру және қызметтер көрсету;

• қоғамға пайдалы қызметпен айналысу;

• білім беру және мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыру.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың арнайы шаралары қарастырылған. Олардың қатарында 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар, үй-жайларды жеңілдетілген шарттармен беру және жеңілдетілген несие беру бар.

Құжаттар 2026 жылы 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін қабылданады.

Өтінім беру орны: «Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ

Мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 3-қабат, 302-кабинет.

Байланыс телефоны: +7 775 838 7965

Электрондық пошта: info@almaty.upp.kz

Айта кетерлігі, 2026 жылы 15 қыркүйектен кейін келіп түскен өтінімдер қарауға қабылданбайды. Құжаттар топтамасы толық емес, мәліметтері немесе құжаттары қате болған жағдайда немесе Қағидаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмесе, ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

Конкурстық құжаттамамен мына сілтеме арқылы танысуға болады:

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033105

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);