AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі ал...

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Алматы 16.07.2026, 18:10 446
Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады
Алматы әкімдігі

Шанхайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен бизнес-форум аясында Алматы әкімдігі, Nero Robotics компаниясы және UBTECH Robotics компаниясының негізін қалаушы Чжоу Цзянь арасында Алматыда гуманоидты және білім беру роботтарын шығаратын зауыт салу жөніндегі келісімге қол қойылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

UBTECH – робототехника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компанияның нарықтық капитализациясы шамамен 6 млрд АҚШ долларына жетеді. Оның роботтары әлемнің көптеген еліндегі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарында кеңінен қолданылады.

Алматы компанияның шетелдегі алғашқы өндірістік жобасын жүзеге асыратын орын ретінде таңдалды. Қазіргі уақытта гуманоидты және білім беру роботтарын шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Өндірісті 2027 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.

Жоба аясында өндіріс орнымен қатар инженерлік-зерттеу орталығы ашылып, заманауи технология енгізіледі. Сондай-ақ, қазақстандық мамандарды робототехника саласында даярлау көзделген.

Жобаны жүзеге асыру жаңа инвестиция тартуға, жоғары технологиялық жұмыс орындарын ашуға және Алматының инновация мен озық технологиялар орталығы ретіндегі әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);