Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда әкімдіктің атынан хабарласатын алаяқтар б...

Алматыда әкімдіктің атынан хабарласатын алаяқтар бар

Заң мен тəртіп 07.02.2023, 11:33 1,528
Алматыда әкімдіктің атынан хабарласатын алаяқтар бар
Сурет: Ratel.kz

Басқарма мамандары азаматтарды ерекше жағдайларда ғана шақырады.


Белгісіз тұлғалар Алматы қаласы әкімдігі немесе тұрғын үй басқармасы қызметкерлерінің атынан қоңырау шалған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Өздерін Алматы қаласы әкімдігінің немесе Тұрғын үй басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелер бойынша, мерзімі өткен несиелер мен қарыздар бойынша берешектерді мерзімінен бұрын өтегеннен кейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру мәселесі бойынша ұсынатын белгісіз тұлғалар мен алаяқтар тарапынан азаматтарға телефон қоңырауларының жиілеуіне байланысты мынадай ақпаратты назарға алуды сұраймыз:


Егер Сіз Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрсаңыз, онда Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы (бұдан әрі - Басқарма), ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 74-бабына сәйкес, кезекте тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үй тек кезек тәртібімен беріледі. Бұл ретте, несиелік ақпараты және екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік қаржы ұйымдары алдындағы несиелер мен қарыздары бойынша берешектер мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға әсер етпейді.


Алматы қаласы әкімдігінде кезекте тұрған азаматтар өз кезектерін www.kezekte.kz сайтында («ЖСН бойынша кезектегі нөмірді тексеру» сілтемесі арқылы) немесе Басқарманың 225-14-37, 225-14-52, 225-14-57 телефондарына қоңырау шалу арқылы бақылай алады.


Алматы қаласы әкімдігінің немесе Тұрғын үй басқармасының қызметкерлері атынан белгісіз тұлғалар мен алаяқтардан қоңырау түскен жағдайда, құқық қорғау органдарына қоңырау шалған телефон нөмірін, қоңырау шалушының аты-жөнін жазып алып, өтінішпен жүгінуіңізді сұраймыз.


Басқарма мамандары азаматтарды ерекше жағдайларда ғана және қажетті құжаттарды ұсыну, пәтерге жалдау шарты мен сатып алу-сату шарттарына қол қою үшін Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85 (Әлеуметтік қызметтер үйі, 1 қабат, опер залы) мекенжайында орналасқан Басқармаға шақырады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #басқарма #кезек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика