AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған г...

Алматыда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған гастрольдік концерт өтеді

Алматы 06.04.2026, 14:15 156 Сұлу
Алматыда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған гастрольдік концерт өтеді
ӨКҚ

Алматыда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған гастрольдік концерт өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда 6 сәуір күні көрнекті композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Жұбанов жаққан жұлдыздар» атты Қазақ камералық хорының гастрольдік концерті өтеді. Іс-шараның дайындығы мен маңызы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Концерт кешкі сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында өтеді. Оны Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы ұйымдастырып отыр.

Филармония директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дәуешовтің айтуынша, концерт өткізу өңірлер арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытып, елдің біртұтас музыкалық кеңістігін нығайту бағытында істеліп жатқан жүйелі жұмыстың бір бөлігі ғана екен.

«Бүгінгі концерт - біздің филармония мен өңірлік мәдениет мекемелері арасындағы стратегиялық әріптестіктің айқын көрінісі. Мұндай жобалар бірлескен шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруға ғана емес, кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасып, ұлттық музыкалық мектептің сабақтастығын қамтамасыз етуге де сеп болары сөзсіз», - дейді Нұрғиса Дәуешов.

Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры Дина Ниязова да гастрольдердің ұлттық өнерді насихаттаудағы маңызын атап өтті.

«Алматылық көрерменге қазақ хор өнерінің үздік үлгілерін ұсынып, Ахмет Жұбановтың еліміздің кәсіби музыкалық мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесін тағы бір мәрте көрсету біз үшін үлкен мәртебе», - деп қосты ол.

Қазақ камералық хоры мен Ақтөбе филармониясы ұжымының Алматы сахнасында өнер көрсетуі ұрпақ сабақтастығы мен Ахмет Жұбанов мұрасының қазіргі академиялық музыка үшін өзекті екеніне дәлел болады.

Кеш бағдарламасында Жұбановтың хор шығармалары, сондай-ақ оның дәстүрін жалғастырған қазақстандық композиторлардың туындылары қатар орындалады. Осы жолғы концерт жоғары орындаушылық шеберлігімен, көркемдік мәнерлілігімен және айқын ұлттық нақышымен ерекшеленеді.

Хордың көркемдік жетекшісі, дирижер Мербол Құспановтың айтуынша, жоба классикалық мұраны сақтауға ғана емес, хор өнерін кең аудиторияға, әсіресе өскелең ұрпақ пен жастарға таныта түсуге де бағытталыпты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл концерт көктемдегі маңызды мәдени оқиғаның біріне айналып, академиялық музыка мен ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыра түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ахмет Жұбанов #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);